Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 6219 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 15:00

ТЕЛІБЕКОВ: "ГЕНА САЯСИ-СПЕКТАКЛЬ ҚҰРБАНЫ"

Қоғамдық мәселелер мен саясатты былай ысырып қойғанның өзінде бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кезекті жеңісі болғаны жасырын емес. Қазақстандық және әлемдік сарапшылар бір ауыздан Генадийдің кезекті жеңісіне куә болатындықтарын алдын ала айтқанымен, пікірі алуандығы болғаны да рас.

Осы уақытқа дейін Геннадийді жеңуге білек сыбанып кім келмеді?! Тіпті, ол туралы мифтік аңыздар тарады. «Нокаут патшасы» деп де атады. Иә, жексенбі күні қазақстандық боксшы Геннадий өзінің 34- жеңісіне қол жеткізді.

Геннадийді әлем мойындағаны да жасырын емес. Алайда Головкиннің осы жолғы жеңісі сарапшылардың күмәнін тудырған көрінеді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, төреші жекпе-жекті ерте аяқтаған. Головкиннің қарсыласы да осыл емес-тін. Ол өзінің 34 кездесуінде 31 рет нокаутпен жеңіп, тек 2 қарсыласына есе жіберген.

Сондай-ақ, сарапшылардың екінші тобы, Головкиннің қарсыласы жекпе-жекті жалғастыруға қауқарсыз деп бағалайды.

Десе де, әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызы – Криштиану Роналдо қазақстандық боксшының жеңісінен кейін «инстаграмм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жылы лебіз білдірген.

Ал қазақстандық саясаткер Ғани Қасымов өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына, салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі және Қазақстанның атын күллі әлемге паш етіп жүргені үшін боксшы Геннадий Головкинге «Халық қаһарманы» атағын беруді ұсынған.

Десе де қазақстандықтардың барлығы дерлік, саясаткердің пікірімен келісе бермейді. Мысалы, қоғамдық белсенді Мұрат Телібеков мырза, Геннадийді саяси спектакльдің құрбаны деп есептейді.

Мұрат Телібеков:

- Қазақстандық Головкиннің кезекті жеңісі. Қазақ ғаламтор қолданушылары шулап жатыр. Қызық, ал әлгі боксшымыздың өзі өзінен әлдеқайда осал қарсыластарды ғана сұлатып жүргеніне ұялмай ма екен? Оның үстіне, бұл жарнама, пиар... Бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан спектакльден Головкин жалықпады ма? Әлде, оның нағыз жекпе-жекке шыққысы келмей ме?

Біздікілер, Головкинен бокстың иконасын жасап шығарды. Ол енді Қазақстанның төлқұжаты секілді. Енді ол бірде-бір қарсыласына жеңілмейді. Оған құқысы да жоқ. Қызығы сол, ол бұл рөлді қанша уақыт ойнай алады екен? Әлде, бір кезде шыдамы таусыла ма?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435