Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3425 0 пікір 16 Қазан, 2015 сағат 12:20

РЕСЕЙ ӘСКЕРІН ТӘЖІКСТАНҒА КІРГІЗУІ МҮМКІН

Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Ресейдің тәжік-ауған шекарасын бақылауды қайта қолға алу мүмкіндігін алға тартты. Юрий Борисов бұл жөнінде 15 қазанда Астанада «Рейтерс»  агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Ол мәселе екі мемлекет басшылары деңгейінде шешілетінін, қазіргі жағдайға байланысты бәрі мүмкін деді.

Владимир Путин мен Эмомали Рахмон 6 қазанда Сочиде өткен кездесулері кезінде тәжік-ауған шекарасындағы қатерді талқылаған болатын. Кездесу қорытындысында Ресейдің Тәжікстанға әскери көмек беруге ниетті екендігі айтылған. Алайда бұл жерде Ресей әскери күштің тәжік шекарасына қайта оралуы мәселесі айтылмады. Ресей шекарашылары Тәжікстаннан 2005 жылы толықтай кеткен болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2334
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4002