Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3713 0 пікір 12 Қазан, 2015 сағат 14:50

КӨШІ-ҚОН: ЗАҢНЫҢ БЕТІ БЕРІ ҚАРАЙ БАСТАДЫ

Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Мәжілісте қаралып жатқан Заң жобасына арналған Жұмыс тобының он алтыншы отырысы өтті.

Осымен Жұмыс тобының отырысы негізінен аяқталды. Заң жобасы, Алла қаласа, осы аптаның ішінде Мәжілістің жалпы отырысына екінші оқылымға ұсынылады. Одан ары Сенетқа...

Аталмыш Заң жобасының қандастарымыздың Тұрақты тіркеуге тұруына арналған қолайлы жақтары көп. Біз ұсынған ұсыныстар толығымен мақұлданды. Ең бастысы, осы жалдың 2-тамызынан бастап, ҚР Ішкі істер министрінің №315 бұйрығымен «Шығу парағы» Қытайдан келетін қандастарымыздан талап етілмейтін болды.
Бір ғана «Әттеген-ай» - «Соттылыққа байланысты» анықтама болып тұр. Бірақ, бұл мәселе жөнінде де амалдар қарастырылуда. Үкімет ұсынған редакция бұрынғыға қарағанда едәуір жеңілдеу. 
Естеріңізде болса, Жұмыс тобының алдыңғы бір отырысына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаевтың өзі келіп, «Соттылық» туралы Қытай Заңымен танысқан болатын. Ол Депутаттарға «ҚР Ішкі істер министрлігі Сыртқы Істер министрлігі арқылы Қазақстандағы Қытай Елшілігінің қабылдауын сұрап, Хат жазамыз. Сол кездесуде Елшіліктен бұл мәселе туралы сұраймыз. Егер Қытай жағы шынымен де «Соттылық» туралы анықтама бермейтін болса, біз бұл анықтаманы Қытайдан келетін қазақтардан талап етпейміз» - деп, уәде берген. 
Бүгін де ұғыстық, қазір сол жұмыс өз тәртібімен жүріп жатыр. Алла, қаласа, бәрі шешіледі деген сенімдеміз.
Қандастарыма сабыр тілеймін!

Ауыт Мұқибек

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048