Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3822 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 18:41

РЕСЕЙ СОҚҚЫСЫНЫҢ 10 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ИМ-ҒА БАҒЫТТАЛҒАН

АҚШ мемлекеттік департаменті сәрсенбі күні ресей ұшақтарының Сирияға соққысының 90 пайызы «Ислам мемлекеті» не болмаса «Әл-Қайда» ұйымына қарсы бағытталмаған деп мәлімдеді. Бұл -  АҚШ-тың ресейлік ВВС-ке қатысты ұсынған бірінші ресми статистикасы. 

Мемлекеттік департаменттің баспасөз-хатшысы Джон Кирбидің сөзінше, «әуе соққылардың басты нысаны Сирия үкіметінің режиміне қарсы оппозициялық топтарға бағытталған. «Асад бұрынғыша Ресейден қолдау тауып, оппозиция мен халқына қайғы әкеліп отыр. Бұл Сирияның болашағына ешқандай жақсылық әкелмейді. Кремль біз осыған дейін айтқандай, үлкен қателік жасап отыр. Ол Сирияны екіге жарып ғана қоймай, Ресейдің жағдайын одан сайын ауырлатып отыр. Бұл өте қауіпті саясат», - деді Джон Кирби.

Сәрсенбі күні Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоглу Ресейдің атқан зеңбіректерінің тек екеуі ғана «Ислам тобына» бағытталғанын хабарлаған болатын. Ол 57 ресейлік әуе соққысының 55-і Түркия мен АҚШ қолдайтын оппозицияға қарсы жасалды деді.    

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395