«Ілияс оқулары» республикалық байқауы жаңа есімдерді анықтады
Жыр құлагері – Ілияс Жансүгіровтың туған күні қарсаңында оның туған жері Ақсу ауданында жыл сайын ақынның ел көлеміндегі ізбасарларының өнер сайысы өтеді. Алғашында аудандық деңгейде ұйымдастырылып, одан соң облыстық, кейіннен барып респубикалық дәрежеге көтерілген байқаудың биылғысына да еліміздің әр қиырынан талапты да, талантты оқушылар жиналды. Осы үміткерлер мен арысы Алматыдан, берісі Талдықорғаннан келген құрметті қонақтар бірінші кезекте аудан орталығындағы Ілияс ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Осы жерде басталған шара қобызшы Молықбай атындағы мәдениет сарайында жалғасты. Облыстық білім басқармасының бастығы Ләззат Базарқұлова байқауды ұйымдастыруға атсалысқандарға алғыс айта келе, оған қатысушыларға сәттілік тіледі. Ілиястанушы, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Иманғазинов құлагер ақынның өмірі мен шығармашлығы туралы баяндама жасаса, жазушы Жұмабай Шаштайұлы ҚР Жазушылар одағы атынан тілегін жеткізді. Бұдан кейін сахна төріне еліміздің әр жерінен келген 29 үміткер көтерілді. Жас талапкерлер Ілияс шығармаларын талдау (үй тапсырмасы), «Жұртымның жүйрігінің дүдүлімін» деген тақарыпта ақын өлеңдерін жатқа оқу, «Соғайын сезімнен бір сұлу сарай» атты үміткердің өз шығармасын оқу және «Үмітке мініп жүр көңіл» аталымы бойынша Жансүгіровтың прозасынан немесе драмасынан үзінді оқудан жарысқа түсті.

Биылғы байқаудың үміткерлері Ақсу жеріне жақсы дайындықпен келгендерін бірден байқатты. Жыр құлагерінің шығармаларына келгенде қамшы салдырмағандардың біразы өз туындыларын оқуға келгенде сүріністі көбейтті. Дегенмен, әділқазылар алқасы алдарында шығармашылығы қалыптасқан ақын емес, балаң үміт жетегіндегі жеткіншектердің тұрғанын ескерді. Жылт еткен жақсылықтың ескерусіз қалмауын қамтамасыз етті. Соның арқасында басқалардан дараланып көзге түскен Қызылорда қаласындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Айнұр Смайыл Бас жүлдені еш талассыз жеңіп алды.Жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберген Ақсу ауданындағы Н. Есеболатов атындағы орта мектептің жас дарыны Айдын Болатхан мен осы ауданның Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Әділет Байболовтар екі бірінші орынды иеленді. Үш екінші орынды Көксу ауданындағы Қ. Жапсарбаев атындағы орта мектеп оқушысы Назерке Қибаева, Ұйғыр ауданындағы Абай атындағы қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектептің оқушысы Ернат Тоқым және Алматы қаласының атынан сынға түскен Ықылас Тұрсынбекұлы бөлісті. Ақсулық Әлихан Лепесбаев, қарағандылық Назерке Бастаби, семейлік Рүстем Мұхамедрақымдар үшінші орындардан көрінді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Ескелді аудланының атынан сынға түскен Толғанай Серік пен Жамбыл ауданының намысын қорғаған Ұлжан Шораевалар Ақсу ауданы әкімінің арнайы жүлделерімен марапатталды. Байқауға келгендер туған жерлеріне Жетісу өңірінен тәбәрік алып қайтты. Олардың барлығына ақшалай сыйлықтар мен Ілияс туралы жазылған кітаптар берілді.
Болат Абаған, Алматы облысы.