Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Қоғам 8499 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 18:33

ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ БАР!

«Отанға оралуды мақсат тұтқан шетелдегі қандастарымыз үшін жағымды жаңалық бар деп хабарлайды» 24.kz.
Енді олар келген бетте бірден «оралман» мәртебесін және бір жыл ішінде азаматтық ала алады. Егер қандастар Үкімет ұсынған өңірге тұрақтауға келіссе, барар жолдары мемлекет есебінен төленіп, уақытша баспана, қосымша үстемақы беріледі. Бұл ретте депутаттар тағы бір тың ұсыныс жасады.

Серікбай Нұрғисаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Сырттағы ағайындарды ауылымен, ортасымен көшіріп әкелу керек. Сол ыңғайлы. Өйткені бір-біріне жақын, тәртіпті болады. Қорқыныш сезімі болмайды.

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
– Әрине, қаралып жатқан заң жобасы өте күрделі. Көп дүниелер шешімін тауыпты. Енді заңды Қазақстан үшін, оралмандар үшін жазуымыз керек.
Айта кетейік, бүгінге дейін елімізге оралған 1 млн қандасымыздың 22%-ы Оңтүстік Қазақстанда, 15%-ы Алматы, 12%-ы Маңғыстау және 9%-ы Жамбыл облысында қоныс тепкен деп мәлімет береді осы орайда 24.kz

РЕДАКЦИЯДАН: Бүгін Abai.kz ақпараттық порталында Мәжіліс төрағасы Қабиболла Қабенұлын сынға алған мақаламыз шықты. Мақала оқырман тарапынан ойдай пікір туғызып, көп талқыланды. Қайтейік енді,  өзімізге қатысты мәселеге жанымыз ашиды. Рас, кейде қатты айтамыз. Бірақ, өзімсініп айтамыз. Қабиболла Жақыпов мырза –  қазақтың бір баласы. Жаманшылығын көрген емеспіз, азаматтық тұлғасын жамандыққа және қимаймыз. Әйтсе де, саяси тұлға ретінде әр сөзіне мән беріп отырамыз. Егер бұл кісі үлкен саясатта болмаса, саясатты ықтап сөйлемесе, «ағаш атқа» отырғызып неміз бар? Демек, үлкен басымен ол кісі де өзіне қаратылған сынды қабылдауы қажет деген ойдамыз. Ал, біз ешкімнің жауы емеспіз. Міне, жаңа ғана жоғарыдағы ақпаратты алып, қуана жариялап отырмыз. Қабекең: «Енді заңды Қазақстан үшін, оралмандар үшін жазуымыз керек», - депті. Бәрекелді! Осы ғой бізге керегі! Мәжіліс төрағасы бастаған депуттар осылайша ел үшін, мемлекет мүддесі үшін табандылық танытып, саяси ерік-жігер білдіре алса, қандай қиын түйіннің де күрмеуі шешілері күмән туғызбас еді. Ал, Үкімет ұсынатын өңірлерге көшіп барып, тұрақтау, Қазақстанның ырыс қазанын бірге қайнату – Атажұртын аңсап жүрген ағайын үшін қиын емес. Оның ең басты кепілі: көші-қонның жолын тосатын кедергілерді көптен дау туғызып  келе жатқан Заң жобасынан мүлде алып тастау. Құйылсын көшің, қайран ел!

 

Дәурен Қуат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019