Сейсенбі, 21 Қазан 2025
Жаңалықтар 4390 0 пікір 2 Қазан, 2015 сағат 16:33

СИРИЯ ОППОЗИЦИОНЕРЛЕРІ КЕЛІССӨЗ ҮШІН АСТАНАҒА КЕЛДІ

Астанада жұма күні (02.10.2015 ж) Сириядағы қақтығысқа қатысты топтардың өз ішіндегі келіссөзінің екінші кезеңі басталады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов "Азаттыққа" келіссөз жабық түрде өтетінін және ол 4 қазанға дейін созылады деп жоспарланып отырғанын айтты.

"Келіссөздің ашылуы ашық өтеді.  Онда Қазақстан мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова сөйлейді. Ал келіссөздің өзі жабық өтеді" деді Жайнақов. Ол келіссөзге нақты қандай топтар келгені, қандай мәселе талқыланатыны туралы ақпарат жоғын айтты.

Сирия келіссөзінің алғашқы кезеңі де Астанада мамырдың соңында өткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1016
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10343