1500 ЖИҺАДШЫ АНТ БЕРДІ
Шешен, өзбек, тәжік және өзге де бұрынғы Совет Одағы елдерінен шыққан 1500-ге тарта өздерін жиһадшымыз деп есептейтіндер «Әл-Қайданың» сириялық қанаты Нусра майданына ант берді. Бұл жөнінде 23 қыркүйекте Сириядағы адам құқықтарына мониторинг жүргізетін топ мәлімдеді.
Нусра майданы өздерін «Ислам мемлекетімен» бәсекелеспіз деп есептейді. Бірақ екі топ та Сирияның қазіргі президенті Башар Асадқа қарсы күресіп жатыр. Пост советтік елдерден келіп жатқан көтерілісшілер Нусра тобының құрамын нығайтуда. Қазіргі кезде екі тарап Алеппо қаласындағы билікті қолына алу үшін шайқасып жатыр. Нусра майданы Усама бен Ладеннің ізін жалғастырушыларымыз деп есептейді. Екі топ лидерлерінің қайшылықтарынан бір-бірлерімен 2013 жылдан бері күресіп келеді.
Абай-ақпарат