Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4251 0 пікір 25 Қыркүйек, 2015 сағат 08:18

ПУТИН МЕН ОБАМА КЕЗДЕСЕДІ

Обама Путинмен келесі аптада Нью-Йоркте кездесу жөнінде шешім қабылдады.

АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен келесі аптада Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблясының сессиясы аясында кездесетін болды. Бұл жөнінде New York Times газеті АҚШ әкімдігі өкіліне сілтеме жасап хабарлады.  Егер кездесу орын алса, онда соңғы жылдағы Ресей мен АҚШ-тың жоғары деңгейдегі бірінші байланысы болмақ. 

Обама бастапқыда Ресейдің Украинаға араласуынан туындаған кикілжіңнен кейін, Путинмен кездескісі келмеді. Бірақ бәлкім қазіргі жағдайда кездесу пайдасын тигізер деген тоқтамға келді.

Екі тарап Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату мен Сириядағы кикілжіңді дипломатиялық жолмен шешу жолдарын іздейтін болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341