Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5167 0 пікір 7 Маусым, 2010 сағат 09:54

Дәулескер күйші дүниеден өтті...

Кеше құдыретті күй өнерінің хас шебері Қаршыға Ахмедиярұлы өмірден озды деген суыт хабарды құлағымыз шалды. Қазақ руханияты қара жамылды. Атырау облысының, Махамбет ауданына сапарлай келген күйшінің алып жүрегі осылайша туған өлкесінде тыным тапты. Білуімізше, Қаршыға ағамыз Олжас Сүлейменовпен бірге биыл күзде көрерменге жол тартатын «Махамбет» фильмінің шаруасымен келген. Қазақстанның халық әртісі, профессор, күйші һәм сазгер 1965 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияға оқуға түседі. Сол жылы-ақ, әйгілі Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне шақырылып, еңбек жолын бастап кетті. Дегенмен, Қаршыға жеке орындаушы ретінде шынайы шебер екенін таныта білді. Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Дәулеткерей, Абыл, Тәттімбеттер дәстүрінде өзіндік күй мектебін қалыптастырды. «Әсем қоңыр», «Сарыарқа», «Жігер» тәрізді әлденеше күй жинақтарының авторы Алматының орталық стадионына 2 мың домбырашыны жинап, Құрманғазының «Сарыарқасы» мен Тәттімбеттің «Сарыжайлауын» ойнатуды армандап жүр еді. «Әттеген-ай» дегенмен, іргеміздегі Қытай қазақтары бұл межені асырып, он мың домбырашымен Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Жаныңыз жәннатта болсын, ағасы! Қалың қазағыңыз барда Қаршыға есімі мәңгілік жасайтын болады.

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343