Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Мәйекті 10730 0 пікір 31 Қаңтар, 2016 сағат 10:23

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ: «ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЯЗЫК – КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК»

Қазақ тілінің Қазақстанда мемлекеттік тіл екендігін ірілі-ұсақты шенеуніктер мен әкім-қаралар тегіс біледі. Неге екені белгісіз, көбі осы жайттың басын ашып, анықтап айта алмайды. Бердібек Мәшбекұлы сияқты: «Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?», - деген сұрақ қойып, ол сұрағына қатысты естіген жауабын түзетуге тәуекелдері де жете бермейді. Бұ не сонда? Қазақ тілінің мәртебесі туралы, басқа-басқа, Атазаңымызда тайға таңба басқандай етіп жазылған емес пе? Соны біле тұра, білгісі келмейтіндер орыс тілін де мемлекеттік тіл деп көкуге бар. Ақтөбе облысының әкімімен сұхбттасып отырған әйелді тыңдап көріңіз. Ол еш ойланбастан әм өзіне бек сенімді түрде: «Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі мен қатар орыс тілі», - деп отыр. Көстеңдеп сөйлеп қалған әлгі ауыздың иесін бірден тоқтатқан әкім: «Алдыңғы күні біз Мемлекеттік хатшы екеуміз Назарбаев зияткерлік мектебіне бардық. Сол жерде қазақша таза сөйлейтін АҚШ азаматын көрдік. Сіз қалай қазақ тілінде сөйлеп үйрендіңіз? - деген сұрағымызға ол: «Мен 5 жыл болды  Қазақстанда тұрып жатырмын. Мен қазақ тілін білуге міндетттімін!», - деп жауап берді. Көрдіңіз бе, біздің азаматтар да сөйтер еді. АҚШ-қа барып тұрса, ағылшын тілін, қытай барса, қытайдың тілін үйреніп алады. Қытайда тұратын қазақтар қытай тілінде сөйлейді ғой?.. Сондықтан сізге де үйрену керек қазақ тілін», - дегенді айтып салды. Орынды, салмақты уәж. Қарсыласып, қасарысып баққандардың адымын аштырмайтын байыпты жауап. Осы сөзімен мемлекетшіл әкім қазақ билігін билеп-төстеп қалған күштерге де тосыннан тойтарыс бергендей сезілді. Бірақ, өкінішке қарай, Бердібек Сапарбаев секілді тұлғалар өте аз. Сол себептен де қазақ жұмысшыларының біліктілігін арттыру дегенді желеу етіп қытай тілінен сынақ талап ететіндер, қазақ тілінде сөйлейтіндерді жек көріп, кекеп-мұқайтындар бізде жетіп-артылады.

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />;feature" />

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036