Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4929 0 пікір 25 Қаңтар, 2016 сағат 09:43

ҚЫРҒЫЗСТАН ТҮРКИЯМЕН САУДА ЖАСАУҒА БАҒДАР ҰСТАНАДЫ

Қырғызстан Түркиямен жан-жақты және сауда-экономикалық байланыстарын тереңдетуге баса назар аударады.

Бұл туралы Анкарада Түркияның даму министрі Джевдет Йылмазбен кездесуінде министр Арзыбек Кожошев мәлімдеді. Өз кезегінде Джевдет Йылмаз өзара түсіністік, құрмет және қолдаудың арқасында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап кетті.

Түркия Қырғызстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі боп табылады. 2015 жылдың 11айының нәтижесі бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 232,8 миллион АҚШ долларына жеткен, оның ішінде экспорт - 77,6 миллион, импорт – 155,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1209
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2732
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 868
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 823