Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 9290 0 пікір 11 Қаңтар, 2016 сағат 12:08

ӘЛЕМДЕГІ АҚШАСЫ ЕҢ ӘЛСІЗ ЕЛ

Араб елдері мен Қытайдың мықтылы¬ғын былтырғы жыл айқын дәлелдеді. Brent маркалы мұнайдың бағасы түсіп еді, әлем елдері тәлтіректеп қалды. Ал, қытайдың юаны сәл арзандағанда, дүниежүзінің тізесі діріл қақты...
«Дағдарыс Қазақстанға соқпай, Өз¬бек¬стан мен Қырғызстан таулары¬ның ортасымен өтіп кетті» деп, ертегі соққан қазақ үкіметінің андерсондарының өтіріктер ашылып, абыройлары айрандай төгілді.
Былтырғы аса ауыр жылда әлемдегі ең әлсіз валюта – қазақ теңгесі болды. Белорус рубльі - 54,3 пайызға, украин гривнасы - 48,7 пайызға, қазақ теңгесі - 85,2 пайызға құнсызданды. Яғни, егер ақшасы құнсызданудан әлемдік Олимпиада өткенде, алтын медаль біздікі болар еді. Әзірбайжанның манаты, замбий мен малавийлік квача, аргентиндік песо, мозамбиктің метикалы, бразилиялық реал да арзандап кетті.
Бір қызығы, қазақ үкіметі: «Ресей валютасы құнсызданғандықтан, теңгеміз тентіреп қалды» деп сылтауратқанымен, орыс ақшасы әлсіз валюталардың қатарына кірген жоқ. Бұған не дейсіз?..
Тағы бір «ғажайып»: Сомали деген ел – кедей жұрт. Бірақ, былтыр сомалилік шиллингтің бағамы едәуір күшейе түсті. Тіпті, ливанның фунты да еңсесін тіктеп алды...
Бюджетінің 75 пайызы мұнай сатудан түскен қаржыдан құралатын қазақтың теңгесі екі еседей құнсызданып, халық¬тың қауқары қайтып қалды. Меніңше, Кәрім МӘСІМОВ-тің үкіметі 2006 жылдан бері, бақандай 10 жылдың ішінде, дағдарыстың дауасын таппаса, бұдан әрі қарай үміт қылудың қажеті де жоқ, мағынасы да болмайды...
Өйткені, ұлттық ақшасы 85 пайыз құнсызданған елде – зейнетақы мен шәкіртақыны 25 пайызға өсіріп, есеп-қисап қылған мамандардың (Кәрім Мәсімовтың үкіметі. Қ.Ғ.) кәсіби дәрежесіне қойылатын баға – қанағаттанарлықсыз! Жаңа күнтізбедегі беташар сөзіміз осы!
...Ұрысы үптеп жұтқан, қарысы қар¬пып жеген қазақ елі де әупірімдеп жа¬ңа жылдың есігін ашты. Былтырғы то¬на¬лу¬дан – оңалу оңай емес. Қайсы¬бір қи¬сық-қыңыр сәуегелер биылғы жыл¬дың да «оңай жағылатын жаң¬ғақ» бол¬майтындығын айтып, сандырақ¬тай¬ды...
Өз басым, елімнің бүгіні – бақуат, ертеңі – еңселі болса, деген дәмедемін.
Ең бастысы, әрбіріміздің жүрегіміз бен санамызда дағдарыс болмасын! Ел мен жер әзір құтты қонысында. «Орында бар – оңалар!..» Кешегі қайсар бабам солай деген...

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385