Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5620 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 15:26

ЕАЭО: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 22%-ДАН АСТАМЫ ЖҰМЫССЫЗ

Қазақстандағы жұмыссыздар саны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 58,2 мың адамнан асып жығылған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 47,8 мың адамды құраған. Еуразиялық экономикалық комиссия қорытындысы бойынша, 2015 жылы Қазақстандағы жұмыссыздар саны 21,7%-ға артқан. Бұл туралы abai.kz порталы LS сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еуразиялық эономикалық одақ комиссиясы жүргізген зерттеудің нәтижелері бойынша ЕАЭО-ға мүше елдерде 2015 жылы жұмыссыздар саны  15,5%-дан асып,  1,17 млн. адамды құраған.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша, еліміздегі жұмыссыздар саны 62,2 мың адамнан асқан болатын. Осылайша, айналдырған екі айдың ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсарып, жұмыссыздар туралы дерек 6,4%-ға қысқарған екен.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тек Қырғызстан Республикасында ғана оң көрсеткіштер мен тұрақты динамика орын алған.Қырғызстанда өткен жылы жұмыссыздар саны  3,6%-ға қысқарып,  56,3 мың адамды құрапты.

Ал Белорусияда жұмыссыздар саны керісінше артқан. 2014 жылмен салыстырғанда Батька басқаратын елде жұмыссыздардың серми көрсеткіші 23,6 мыңнан 43,2 мыңға артқан.

Сондай-ақ, Армения мен Ресейде бұл көрсеткіш 15,7%-ды құрап, 76,5 мың адам және 14,5% бен 941 адам жұмыссыздар қатарын толықтырған.  

Бұл Еуразиялық кономикалық одақтың өткен жылдағы тынымсыз әрі қажырлы еңбегінің нәтижесі болса керек.

Жалпы, қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа қарсы қоғамдық ортада пікірлер кереғар десек жалған айтпаған болар ек. Еуразиялық одаққа қосылған Қазақстан экономикасы не ұтты, не ұтылды? Бұл да бір реті келіп,  одағайланып тұрған жалқы сұрақ.

2015 жылдың жалпы қорытындысы бойынша, шекеміздің шылқып, жыртығымыздың жамалғаны шамалы. Бұл туралы біз осыған дейін де жазған болатынбыз.

Осының алдында ҚР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ханым еліміздегі әлеуметтік осал топтағылардың сан.ы 1 миллион адамға дейін артуы мүмкін деген болатын. Арада көп уақыт ұзаған жоқ. «Елдегі  бұрынғы кедейлердің қатарына тағы да 1 млн кедей қосылатын болды» деп шуластық.

 «...Негізгі азық-түлік түрлеріне бағаның көтерілуінен келіп, біз осал топтағы адамдар саны артады деп күтеміз. Олардың саны 1 млнға жетер деп ойлаймыз», – деді Т. Дүйсенова ханым. Онда айтылған «осал топ» дегеніміз кімдер? Министрдің мәймөңкелеп, «осал» дегені – кәдімгі кедейлер. Олар өздігінен «осал» болайын деген адамдар емес, ел билігі жүргізген сыңаржақ саясаттың салдарынан кедейліктің кебін киген халық. Бүгінде мұндай «осал» халықтың нақты статистикасы жоқ. Олардың қатарына енді, Еуразиялық экономикалық комиссия қосып берген тағы 22 пайызды үстемелеңіз.

Егер ресми деректердің дегенін мөлшерге алар болсақ, бұл санатқа Қазақстандағы әлеуметтік қорғаусыз қалған халықты жатқызуға болады. Олардың ресми статистикасы 700 мың адамға жуық. Бұл санатқа 500 мыңға жуық жұмыссыздарды толығымен қоссақ, «осалдардың» орта саны 1,2 миллионға жетіп жығылады. Рас, министр ханым шынын айтты.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысының өзі бүгінгі экономикалық һәм күнкөріс ахуалына қатысты,  «Қазіргі жағдайда қарапайым халықтың әл-ауқатын ұмытпау қажет. Бүгін әлем бойынша 1,5 миллиардқа жуық адам күніне бір-ақ долларға өмір сүреді. Ал шамамен 2,5 миллиард адам бір күнде 2 доллардан да аз ақша алады. Бұл – жер-жаһандағы халықтардың 40 пайызы. Африка мен Азияның көптеген елдері осындай проблемаға тап болып отыр»,-деген еді.

Статистика агенттігінің есебіне қарағанда, елімізде әлеуметтік жәрдем ақы   алатын адамдар саны 100 мыңға да жетпейді.
Иә, егер  мұндай кері көрсеткішке жетіп отырған Қазақстанда жылына 100 миллион тоннаға жуық мұнай өндірілетінін ескерсек, елдің экономикалық саясаты ешқандай сын көтермейді деген сөз. Дәл осы жағдайда Кәрім Мәсімовтің үкіметі дағдарысқа қарсы жоспар жасауға енді ғана кіріскенін еске алсақ, «осал» күнімізге де зар боп қалар кезіміз келіп қалғанын сеземіз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353