Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9369 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 09:18

ШЫҢҒЫСХАН - ҚАЗАҚ

Екатерина қазақ өзінің кім екенін білсе әлемді жаулап алады деген осы емеспе екен-ә ?
Украиндық тарихшы Владимир Белинский Шыңғысханның моңғол емес, қазақ екенін мәлімдеді.

Ұлы әміршінің ғұмырын зерттеуге бар өмірін арнаған атақты ғалым дәлел ретінде Шыңғыс империясының негізін қалаған 4 тайпаның тектері түрік екенін алға тартты – қияттар, керейлер, наймандар мен меркіттер, деп жазады «Экспресс К». Шыңғысханның әкесі Есугей баһадүр қият тайпасының көсемі болатын. Шыңғысханның әйелі Бөртенің руы қоңырат.

Моңғолдардың хандық титулы жоқ, түрікке тән есімдері де жоқ. Сонымен қатар Владимир Белинскийдің айтуынша хан кезінде бәрі жаппай түрік тілінде сөйлеген. Шыңғысханның шын есімі қазақша Теміршын деп оқылады деп санайды тарихшы. Ұлы әміршінің түрік екеніне ғалымның басқа да болжамдары бар. Шығысқа жасаған ұлы жорығы алдында Шыңғысхан билігі барлық түрік тайпаларын мойындаған. Сондықтан Қазақстан аумағында Шыңғысхан әскері мен көшпенділер арасында еш шайқас болмаған. Шыңғысхан империясы құрыла бастаған кезде-ақ наймандар және басқа да тайпалар оның құрамына енген.

Бұл көзқарасты атақты ресей тарихшысы Мұрат Аджи да ұстанады. Оның ойынша, Шыңғысхан Алтайдан шыққан түркі тайпаларының өкілі. Тарихшының болжамы бойынша, Ұлы әміршінің Қытайға жасаған атақты жорығы алдында оның империясына моңғол тайпалары ба біріккен. Екі тарихшының тағы бір дәлелі: Шыңғысхан империясында айналымда жүрген тиынның бетіндегі жазулар түрікше болған. Олардың көбінде “ҚАЗАҚ” деген жазу бар.

Жасұлан Базарбаев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406