Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 4715 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 10:07

ОБАМА: ИМ-ГЕ ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯНЫ ЖЕДЕЛДЕТУ ҚАЖЕТ

АҚШ президенті Барак Обама Ислам мемлекеті (ИМ) Ирак пен Сирия аумағында иелік еткен жерінің көп бөлігінен айырылып қалғанын мәлімдеді.

Дегенмен экстремистік топқа қарсы күрестегі жетістікті одан әрі үдете түсу қажеттігін атап өтті.

Пентагонда журналистер алдында мәлімдеме жасаған Обама АҚШ бастаған халықаралық коалиция құрамындағы өзге елдердің ИМ-ге қарсы күрестегі үлесін ұлғайту үшін, қорғаныс министрі Эш Картерге Таяу Шығысқа баруға тапсырма бергенін айтты.

Мереке қарсаңында қоғамдағы алаңдаушылықты басу мақсатында, Обама ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісін Пентагонда өткізді. Бұл сирек кездесетін жайт және мұнысы ИМ мен оның шетелдегі және АҚШ-тағы жақтастарын тоқтатуға бағытталған стратегиясын түсіндіруге бағытталған қадамның бірі.

Ол АҚШ лаңкестердің жетекшілерін ұстауды, өзге елдердің қауіпсіздік күштерін дайындауды және лаңкестік топтың насихат пен қаржы көздерін жабуды көздейтінін хабарлады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 320
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 341
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 445