Ақтөбеде азаматтардың берген ақпараты бойынша есірткі притоны жойылды
Ақтөбе. 17 маусым. ҚазТАГ - Ақтөбе облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері полицияның учаскелік инспекторымен бірлесіп есірткі притонының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің хабарлауынша, полицияның учаскелік инспекторы «Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіздер!» акциясы шеңберінде өзінің әкімшілік учаскесін аралап жүргенде оған тұрғындар үйдегі есірткі притоны туралы хабарлаған.
«Полиция қызметкерлері аталған пәтерді бақылауға алып, рұқсат етілген тінту жүргізді. Бір бөлмелі пәтерде тінту шараларын жүргізу барысында ас үйдегі үстелдің үстінен 2 грамнан аса героин, промедолдың 8 ампуласы, қолданылған шприцтер табылып, тәркіленді», - деді А. Иманғалиев.
Белгілі болғанындай, 33 жастағы ер адамның тұрақты табысы болмаған, ол «клиенттерден» пәтерге кіргені үшін 200 теңгеден алған, нашақорлар ол жерде героинның кезекті үлесі қабылдай алған. Пәтерде ұйымдастырылған притон тәулік бойы қызмет еткен, бір күнде ол жерге кем дегенде екі-үш есірткіге тәуелді адам келіп отырған, дейді полиция қызметкерлері.
Сондай-ақ, күдіктінің пәтеріне нашақорлардан басқа, ішімдікке салынғандар, жезөкшелер, тұрақты тұрағы жоқ адамдар да келіп жүрген.

Күдіктінің өзі 90-шы жылдардың соңында есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған.
«Бұл факт бойынша ҚР ҚК «Есірткі заттарын немесе психотропты заттарды тұтыну үшін притондарды ұйымдастыру немесе құру» жөніндегі 264 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.