Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7470 0 пікір 8 Желтоқсан, 2015 сағат 15:39

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫН ЖАЛАҢАШТАУҒА ТЕЛЕАРНАЛАР АТ САЛЫСУДА

.... Кеше телеарнада Қарақат (Әбділдина) қызым кеудесі жартылай ашық (Еуропаның соңғы модасы болса керек) көйлекпен бағдарлама жүргізіп отыр.

Ел алдында жүрген қазақ қызының мұнысы шектен шыққандық емей немене? (Мысалы Айгүл Иманбаева, Мәдина Сәдуақасова секілді бір топ қазақ әншілерін сахнадан жалаңаш көруге көз үйренді. Иықтың жалаңаштанғаны жай, қазір ол емшекке қарай жол тартып барады. Ол бара-бара кіндікке түседі, сосын бәрі бітті, қазақ). Дінді сөз етпей-ақ қоялық, ата – баба салт-дәстүрінде жоқ қылыққа бұлар неге үйір болды?! Ойды шашыратпай, Қарақатқа қайта оралайық. Тым болмаса жанашыр біреу: (Бәлкім ағасы, әріптесі, әпкесі): «Қарақат-ау, андағы кейпіңмен млн-дарға қалай көрінесің? Ұят қой» деп айтуға жарамағаны ма? «Қызға қырық үйден - тыйым» кеткені ме шынымен қазақтан.... "Бұл не сорақылық, бұл не масқара" – деп жүргенімде кешкісін ""Ду-думан" бағдарламасында Жанатбектің қасына еріп шыққан қыз төсін «жарқыратып» есімнен тандырды.

Өзі мәз. Айылын жиятын емес. Ол үшін бір мен емес, ұяты бар қазақтың бәрі шошығаны анық. Апыр-ай, Қарақатта марла секілді бірнәрсе бар еді төсін жапқан, мынада, ол да жоқ. Екеуінің де көйлектерінің үстіңгі жиегінен ашық-шашық... Омыраулары дал-дал... Айтуға ұят. Тап осылай киініп, «жалаңаштану» қызметіне кіріскен тележүргізуші ханымдарға тоқтау бола ма? Әлде осылай жалғасын таба бере ме? Қазақ қызына тән иба, ұят пен аят қайда қалды? Осыны телеарналардағы басшылар жөнге келтірер күн қашан туар екен? Сахна мәдениетін ұрмай, ұлттық болмыстан жұрдай болып бара жатқандарға «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» қашан табылар екен ә? Өзім ана болғасын жүрегім ауырады. Бұдан асқан масқарашылық қазақ қоғамында бұрын-соңды болмаған! Біз қайда кетіп барамыз, ағайын?!

Сәуле Мешітбайқызы

"Қазақстан Заман" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475