Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3482 0 пікір 16 Мамыр, 2016 сағат 10:35

ТӘЖІКСТАН. КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Тәжікстанның әйелдер және отбасы ісі жөніндегі комитеті көшбасшы әйелдерге арналған мектеп ашты. Көшбасшылық жөніндегі курстың тыңдаушылары ретінде 30 үздік оқитын студент жазылған.

Әйелдер ісі және отбасы жөніндегі комитет өкілдерінің сөзінше, бұл курстар қабілетті қыздар мен әйелдер арасынан басшылық кадрларды тәрбиелеу, іріктеу және тағайындау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өтіп жатыр.

Талантты қыздар арасынан басқарушы мамандар дайындау туралы шешім тәжік әйелдерінің қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаның қабылданғанына 10 жыл толуына орай қабылданған.

Қазір Тәжікстан тұрғынының 54% әйелдер болса да, әйелдердің мәртебесін көтеру туралы көптеген мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылардың үлесі еркектерден әлдеқайда төмен. Ресми дерек бойынша, тәжік үкіметіндегі басқарушы лауазымды қызмет түрлерінің 27% әйелдерге тиесілі, алайда олардың көпшілігі әдетте бастық емес, орынбасар деңгейінде болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496