Жұма, 2 Мамыр 2025
Қоғам 13662 0 пікір 15 Мамыр, 2016 сағат 21:37

ҚЫТАЙЛАР ҚОҚЫС ЖӘШІГІН КИІЗ ҮЙГЕ ҰҚСАТЫП ЖАСАДЫ

 

Қытай ақпарат агенттігінің таратқан дереккөздерінің бірінде Шыңжаңдағы Майтау қаласының ықшамаудандарының біріне «жаңадан» ойлап табылған қоқыс жәшігі орнатылып жатыр екен.

Бұл жәшіктің көрінісі қандай деп ойлайсыз?. Ол қазақтың кәдімгі киіз үйі пішіндес. Тіпті, төбесіндегі ашылатын қақпағы да қазақтың қара шаңырағының бейнесін көз алдыңызға әкеледі. Ал сыртқы көрінісі қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген. Осы күнге дейін қазақтың киіз үйі барша әлемге танылды емес пе? Ал тұрғындарының дені ұйғырлар мен қытайлар болып келетін майтаулықтардың қазақтың киіз үйінің қандай болатынынан хабарсыз деуге жарамас. Ал осыны біле тұрып, олар неге мұндай ойсыздыққа барады? Әлде бұл көршіміздің қазаққа деген көзқарасы ма?

Шара Құрбанова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 305
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 323
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 298