Жексенбі, 18 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3732 0 пікір 12 Мамыр, 2016 сағат 10:48

Мәскеу: АҚШ-тың әрекеті ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді

Мәскеу Құрама Штаттардың Румынияда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құруы Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп есептейді.

Бұл жөнінде "Интерфакске" Ресей СІМ өкілі Михаил Ульянов мәлімдеді. Ол Мәскеудің көзқарасы бойынша АҚШ орта және шағын қашықтықтағы зымырандар жөніндегі келісімді бұзғанын айтқан.

Еске сала кетейік, 12 мамырда АҚШ және НАТО өкілдері Румынияда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің бір бөлімшесінің оперативті түрде құрылғанын мәлімдейді. Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл одақтастарын қауіптен қорғау үшін қажет.

13 мамырда АҚШ Польша аумағында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің екінші нысанын тұрғызуды ресми мәлімдейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2716
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4450