Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3768 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 15:11

ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қабылдады. Жиынға 100 ардагер қатысты.


- Құрметті ардагерлер! Жыл сайын өздеріңізбен кездесу дәстүрге айналып келеді. Сіздерге құрмет көрсету, өздеріңізбен жүздесу – біз үшін үлкен ғанибет. Тек қана, көңілімізді алаңдататыны – ел тыныштығын қорғаған ардагерлердің азайып бара жатқаны.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Сіздерге деген құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік ешқашан өзгермейді. Бүгінгі бейбіт, бақытты өміріміз – Сіздердің арқаларыңыз. Ерліктің шежіресі болған Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, жақсылық тілейміз! – деді өз құттықтауында облыс әкімі А. Баталов.

Мұнан соң облыс әкімі жасы жүзден асқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Рабат Тегісбаев пен Күршібек Көжекбаевқа және тыл еңбеккері Зәуре Баеваның иығына шапан жапты.

Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауға ардагерлер де тілек білдіріп, Тоқтарбай Қанапиянов, Михаил Прядухин және Нұрбек Қасымбеков сөз алды. Олар ел басына күн туған шақта қиын күндерді бастан кешіргенін, дегенмен ұйыса күш біріктірудің, Отанға деген қалтқысыз сүйіспеншіліктің арқасында Жеңіске жеткендерін атап өтті. «Ендігі біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру. Осы жолда біз, ардагерлер, сіздерге үнемі қолдау білдіреміз», - деді өз сөздерінде.

Ардагерлердің ақ тілек, ыстық ықыластарына ризашылығын білдірген облыс әкімі А. Баталов 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өту бағдарламасынан хабардар етіп, қатысушыларды салтанатты түскі асқа шақырды.

Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары шырқаған әскери әндер мерекелік шараның әрін кіргізді.

Жалпы, бүгінгі күні облыста 257 соғыс ардагері, 20 мыңнан астам тыл еңбеккерлері бар. Салтанатты қабылдауға шақырылған ардагерлердің әрқайсысына 70 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде ардагерлердің тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсартуға, материалдық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.

Жеңіс мерекесіне орай майдангерлерге 150 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай жәрдемақы беріледі.

Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға теңестірілгендерге денсаулықтарын сауықтыру үшін бюджеттен 112,5 млн. теңге қарастырылды.

Ардагерлерді түрлі қосымша құралдармен қамту мақсатына 1 миллиард 267 миллион теңге бөлінді.

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373