Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4287 0 пікір 5 Мамыр, 2016 сағат 13:39

Қазақстан спортшылары ағзасынан допинг табылған

Жыл басынан бері Қазақстанның 18 спортшысының ағзасынан допинг табылған. Олардың арасында мельдоний препаратын қолданғандар да бар.

Алайда ұлттық орталық спортшылардың есімдерін жарияламай отыр.

Бірақ спорт журналистері мельдоний препаратымен ұсталған қазақстандық спортшылар қатарында Азия чемпиондары мен Рио олимпиадасына жолдама алған атлеттер бар екені мәлім болғанын айтады.

Жыл басынан бері 960 допинг сынамалары алынып, тыйым салынған препараттар қолданудың 18 оқиғасы анықталған.

WADA (Допингке қарсы халықаралық агенттік) 2016 жылы қаңтардың 1-інде мельдоний препаратын допинг тізіміне енгізген. Агенттік 2016 жылдың басынан бері 288 спортшының қанынан мельдоний табылғанын мәлімдеді.

Республикалық допингке қарсы ұлттық орталықтың директоры Майра Бақашеваның айтуынша, мельдоний тыйым салынған препараттар тізіміне енгеннен кейін Қазақстанда жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351