Қырғызстаннан картоп әкелуге уақытша тыйым салды
Қазақстан Қырғызстаннан картоп әкелуге уақытша тыйым салды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы кезде көрші елден келетін картопта сары құрт көбейіп кеткен.
Ақпаратқа сәйкес, 2016 жылдың қаңтарынан бері Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens вирусын жұқтырған, яғни картоптан сары құрттар табылған 79 жағдай есепке алынған. "Қазақстан тарабы Еуразиялық экономикалық сауда келісіміне сәйкес, карантин жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес 2016 жылдың 4 мамырынан бері Қырғызстаннан картоп кіргізуге уақытша тыйым салды", —делінген хабарламада.
Алдын Қазақстан Қырғызстанға нематода ауруын жаппай жұқтырмас үшін алдын ала шара қолдануды сұрап хат жолдаған.
Алайда министрлік Қырғызстаннан келетін картоптардан сол күйі құрттар табылып жатқанын айтады. Жылдың басынан бері Қырғызстанға бір тоннадан астам құрттаған картоптарды кері қайтарған екен.
Aбай-ақпарат