Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 6992 0 пікір 28 Сәуір, 2016 сағат 13:35

С.МАЙҒАЗИЕВ: БІР КҮНДІК ЖАС ҚЫЗДАР КӨП БІЗДІҢ ҚОҒАМДА

Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевті отбасылы еркектердің етегінен ұстап, көлікті болып жүрген қыздардың, яғни, тоқалдардың жағдайы алаңдатып отыр, деп жазады «Korrespondent.kz» порталы.

Бұл туралы өнер жұлдызы отандық арналардағы бағдарламалардың біріне берген сұхбатын жайып салды.

Тілшінің тоқал алу туралы қойған сауалына: «Қоразданамыз, бірақ ала алмаймыз... Оны мен жұбайыммен өзім шешем, мәселе жоқ. Алам ба, алмаймын ба, оны бір Алла біледі» деген ол.

«Кейбір жігіттер бар, екінші алмаймын. Біреуін қарық қылып алайын деп жүреді де екеу емес, үшеуін алады»,-деді әнші.

Мұнан соң музарттық өнер жұлдызы ерлердің көңілдесі болып жүрген қыздардың әрекетін сынға алды.

«Ойланыңызшы, бір еркек айдаладағы біреуге көңілдес болғаны үшін астына автокөлік әперіп жатады. Тіпті ол бала да туып бермейді. Қарап отырсаң, халықтың санын көбейтпейді де. Пайдасы жоқ. Қысқасы, бір түндік жас қыздар көп біздің қоғамымызда, заманымызда, Алла сақтасын»,-деп ашуланды топ мүшесі. Ал белгілі продюсер, асқар тау әке Қыдырәлі Болманов алғашында жұбайы Қарақат Әбілдина тоқал алып бергелі жатқанын сөз арасына қосып, кейін онысы  әзіл екенін түсіндірді. Дегенмен Болманов мырза елдегі ерлердің тоқал алу былай тұрсын, 3-4 әйелден алуына қарсылық танытпайтынын айтып қалды. 

"Жалпы ақылды дүние ретінде қарап отырсаңыз, осыдан бәленбай жыл бұрын бір жігітке 7-9 қыз келетін мысалға. Қазір бұл одан да көп. Жиырмадан асады. Көрсеткіш өсті. Егер ұлтымызды сақтап, ұрпақ көбейту мәселесін ойлайтын болсақ, әр қазақ 3-4 әйел алып, оны асырап бағып, балаларын өсіру бізге қажет сияқты”, – дейді продюсер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295