Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3998 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 12:08

Түркияда танымал голландық журналист ұсталды

Голландия билігінің хабарлауынша, еліндегі танымал журналист Түркия президенті Реджеп Эрдоғанды БАҚ бетіне және Twitter’ге жазған сыни мақаласынан кейін бір аптадан соң түрік полициясы тарапынан ұсталған.

Нидерланды СІМ өкілінің хабарлағанындай, Амстердам тегі түрік, голландық журналист Эбру Умармен "байланысып" отыр. Оны туған қаласы Кушадасында ұстаған. Умардың сөзінше, сот өзінен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алып, босатқан.

45жастағы журналист таяуда голландық апталық газеттердің бірінде түрік президенті жайында сыни мақала жариялаған. Сонымен бірге, оның үзіндісін Twitter’ге көшіріп басқан. Редакция мәліметінше, журналист өзінің мақаласын әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін, бірден ұсталып, тергеуге алынған.

Голландияның премьер-министрі Марка Рутте Twitter’ге Умар ұсталғаннан кейін, онымен сөйлескені жөнінде хабарлама таратқан. Жақында Германияда танымал сықақшыға қарсы Эрдоған жөніндегі сатиралық поэмасы үшін қылмыстық іс қозғалған. Биліктің әрекеті неміс қоғамының наразылығын туғызған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385