Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әдебиет 5885 0 пікір 25 Сәуір, 2016 сағат 10:01

ЖӨКЕЙ БАТЫР

Әр ауылдың өз тарихы бар.

 

Тәрбиең қаныңа кірер,

Өткен күндер жаныңда жүрер

 

«Бет бұрыс» деген ұлы саясаттан,

Кері әсерін тигізген бағдарыстан.

Алым-салық көбейген сол жылары,

Шығалмай жатты халық дағдарыстан.

 

Байлар жүр жұгін жинап, түйе артқан,

Естіген Курнос келед, қуып арттан.

Маңыратып, малын айдап түнделетіп,

Салқынбелді бетке алып, Қытай асқан.

 

Осылай жатты дала қарбалыстан,

Баянжүрек алқабы тыныш жатқан.

Шаш ал десе, бас алып Курносов жүр,

Кедей-кепшік, бас сауғалап ол қорлықтан.

 

Қанішер, әккі жауыхз елді қырған,

Ежовтың тәрбиесі Курносқа тән.

Аштықты қолдан жасап қазақтарға,

Исаетың қолынан орден алған.

 

Аштыққа шыдай алмай қазақ елім,

Тентіреп, бас сауғалап, бас қатырған.

Бәз біреулер түнделетіп Қытай асып,

Ал біреулер сол жерде жан тапсырған.

 

Бойында Тәнекенің қуатындай,

Жөкей жүрді ызасы бір басылмай.

Халқының қалын ойлап атқа мінді

Көлдей-Жұмай намысы бір басындай.

 

Басын байлап, өлімге атқа мінді,

Халқын ойлап Жөкейдің тұрі мұңды.

Тай кезінен бапталған Ақ боз атты

Шапқылайды, мініс таппай ойды, қырды.

 

Жиналды өңкей ноян, ығай-сығай,

Бас көтерген Жөкей барғ, Көлдей-Жұмай.

Емелелі, Аталық, Қаптағай бар,

Бұл не жатыс, Курносты елден қумай.

 

Тағдырына талай ажал төніп тұрды,

Көлдей-Жұмай, Жөкей десе өліп тұрды.

Осылай қиын-қыстау кездерінде,

Тартып алып, малдарын орыс тұрды.

 

Бір басылмай соғады Еспе желі,

Ақ боз ойнатқан ердің ері.

Қаншама әскер, Абакумнан шықса-дағы,

Көкқияның асуынан өткізбеді.

 

Бір басылмай соғады Еспе желі,

Ойлағаны тәуелсіз, еркішдік еді.

Абакумде НКВД басшылары,

Басына ақша тігіп кеңкілдеді.

 

Жүз мың ділдә басына ақша мекен,

Өлімнен Жөкей батыр қорқа мекен.

Ел тағдыры оны көп ойландырған,

Бәрін алып, Қытайға өтсем бе екен.

 

Жасамаса осылай, уақыт тар-ды,

Тұқымдары жоғалар, аштық қарды.

Кәрі-құртаң ауылда шалдар қалған,

Жендеттері Курностың атын салды.

 

Естідіді ме осыны Жөкей батыр,

Аттың басын қайтадан, кері салды.

Ақбоз атпен түнімен жүріп өтіп,

Арасанның шетіне келіп қалды.

 

Ақбоз атпен ешкімге жеткізбеді,

Білте мылтық арқада елпілдейді.

Курноспенен дәл бүгін, ебі келіп,

Жекпе-жекте атысып көрсем дейді.

 

Аң аулаған, жас кезден мерген еді,

Жылдамдығын ел-жұртты көрген дейді,

Бойы аласа, еңгезердей жігіт болған,

Көркем ажар тәңірім берген дейді.

 

Ақбоз аты ойнақтап, терлер ақты,

Сағабүйен сағасын өрлей шапты.

Курносовтың әскеріне жалғыз тамда,

Қорқытып, майдан ашып, мылтық атты.

 

Жөкейде сарбаздарын бөлді екіге,

Екінші жақ, жібермей тұрды өткелге.

Жеке дара Ақбозбен алға шықты,

Курностың да Жирен көгі жүйрік еді.

 

Сарбаздары атысып қалды артында,

Курноста мықты еді, бір басына.

Ақбоз аты келеді жеткізбей тым,

Анда-санда шығады мылтықтан үн.

 

Курносовта мықты еді, мерген еді,

Ең жүйрік Жирен Көкке Мінген еді.

Жөкейді басын алып, ділдә аламын,

Деген үміт жанына енген еді.

 

Қуған еді, Жөкейді, қуған еді,

Жөкей болса қорықпады елдің-ері.

Жеке-дара бір шақырым келеді алда,

Соғады алдан Сымтастың еспе желі.

 

Ақбоз ат ауыдығын қаршылайды,

Желден жүйрік жануар қамшы алмайды.

Күні-түні шапқаны белгі берді,

Жирен көкте артынан жақын қалды.

 

Ажал шіркін, Жөкейді алқымдады,

Ақбоз ат Шоқпартасқа жақындады.

Жөкей батыр, Курносқа айғайлайды.

Кері қайт, сен өлесің, жассың әлі.

 

Бірақ Курнос қайтпады, қарқындады,

Түсті қолға Жөкей деп, рахаттанды.

Пендешілік емес пе, бойына алған.

Ділдә алсам деп, өлтірем деп парқымдады.

 

Шаршады ма Ақбоз ат ақымдады,

Шоқпартасты айналып, қорсылдпды.

Курносов та жақын кеп, мылтық атып,

Оқтар зулап, жан-жақтан тарсылдады.

 

Жөкейдің батырлығы Көлдейге аян,

Арғы атасы мерген ед Қиясбаян.

Жан беріп, жазғаныма жан жарасын,

Қорғашы «мейірімді Алла» ер-данасын.

 

Атқанға Жөкей батыр емес дайын,

Курнос болса кезеп тұр, мылтық жайын.

Дәл сол сәтте, Ақбоз ат жалт бергенде,

Ер-тоқымы сыпырп, кетті айылын.

 

Бейне бір жан-дұниесін, ары қысып,

Жығылып бара жатты, оқтап мылтық.

Құтқарды оны жылдамдық, үлгерді атып,

Курнос өлді атының жалын құшып.

 

Жөкей болса, тұрды Ақбоздың жалын қасып,

Курнос болса үлгермеді, бармақ тартып.

Икемі тез, жылдамдық құтқарды оны,

Ол блмаса жатар ед өлім басып.

 

О, тоба! Рас па оны өлтіргенім,

Кек алып, дәл алдына келтіргенім.

Қазір ғана тұр еді, көздеп мылтық,

Сенбей тұрды Курносты өлтіргенін.

 

Жетті артынан ағылып сарбаздары,

Біткен екен атыстан оқ пен дәрі.

Курностың өлгенін көргенен соң,

Баласазды бетке алып кеткен әрі.

 

Ұмытса ел ерлерді, жер ұмытпас,

Ақ таста, белгісі тұр, сәл үйген тас.

Бүйеннің Сағабүйен қорымнда,

Куә боп Шоқпартас тұр , сол орнында.

 

Кезінде Курносты атып жер жастаған,

Кеңестік заманда банды атанған.

Бүгінде біліп жүрсін келесі ұрпақ,

Батыр баба, ел үшін атқан қонған.

 

НКВД ойламас елдің қамын,

Сұраққа алар ертең-ақ қинап бәрін.

Кеткен алыс жыраққа, арғы бетке,

Ағайын-туысқанын, жинап бәрін.

 

Хош енді, Баянжүрек, Күреңбелім.

Қимай кетіп барады жұрген жерін.

Келер ұрпақ аманат қып,

Қимай кетіп барады туған жерін.

 

Бір тоқтамай соғады Еспе желі,

Туған жері Арасан ердің ері.

Ақбоз атын ойнатқан Жөкей батыр,

Қалды аңыз боп, Курноспен жекпе-жегі.

 

Немересі, шөбересі, балалары,

Өмір-өзен, ағымнан еш қалмады.

Дүние қумай, білімді боп баршалары

Жөкей батыр ұрпақтарын жалғады.

 

Жылдар өтті, бәрін тастап таңға ұрып,

Сол жылдарды ұмытпаған заңдылық.

Дамыған елу елге қосылып,

Тәуелсіздік туын ұстап, жаңғырып.

 

140 жыл Жөкейдің туғанына,

Келесі ұрпақ бас иіп жүр қорғанына.

Немересі Ақанмен бірге оқығам,

Арнаймын сол досымның аруағына.

 

АРАСАН-ҚАПАЛ

Өскен жерім Қапалым, Арасаным,

Баянжүрек, Суықсай, Баласазым.

Асық ойнап, асыр сап, доп қуалап,

Өзіңде өткен жас кезім , бала шағым.

 

Алатаудың ақ шыңы әсем аласынан,

Сарқырап Бүркіті аққан арасынан.

Сылдыр қаққан Суықсайдан,

Бастау алып жайлаудың қорасынан.

 

Тұлкілі Тереңөзек төрің жақсы,

«Гауһартас» кино түскен жерің жақсы.

Ежелден Көлдей-Жұмай құда болған,

Қайнарлы Емелелі елім жақсы.

 

Бес биесін байлаған Емелелі,

Арғы атамыз би болған Найман елі.

Ежелден татулықтың сырын шерткен,

Көлдей-Жұмай, Амандос, Кенже жері.

 

Жағасы Қаратаудың «Бүйен» аққан,

«Баянжүрек» алқабы елім жатқан.

Төрт түлігі малымның бірдей өрген,

Бағарадай жер жоқ қой анау жатқан.

 

Сағабүйен сарқырар Қорымтастан,

Ат жүре алмас тас сынып тағасынан.

«Әкем атын суғарған жалын тартып»,

Қой өргізіп тұрғанда сағасынан.

 

Көкқияның биігі жер мен көктей,

Ару қыздың суретін салған төскей.

Ақсу бастар, Абакум, Сымтастарым,

Бейне бір гүл шашылған бір-бір беткей.

 

Қонтажының биігі аяқ жетпес,

Күнде жаңбыр бұлттанып, нөсер кетпес.

Самалдықтың сабағы Шажада өскен,

Жесем оны аузымнан дәмі кетпес.

 

Жаркентбаз, Малайбаз, Оңбұлағым,

Он шақырым, Күнгей мен Шымбұлағым.

Арқаның Біржан салын таң қалдырған,

Сара апамыз айтысқан Мұзбұлағым.

 

Түйе кеткен суға ағып, Түйебеткел,

Шоқан өткен ол жерден жалғыз өткен.

Марко Поло атанған жалғыз қазақ,

Түкінің кезеңі асып, Қашқарға өткен.

 

Сексен мың қой өргізген тауларында,

Тұман болып, сан адасқам жайлауында.

Аюлар ақырып, қойға шауып,

Ұйқы бермес, мазалап таң алдында.

 

Еңлікгүл өседі шыңдарында,

Қыран бүркіт ұялар құздарында.

Ақ жамылған Алатау жатыр мызғып,

Хантәңірі биігі оң жағында.

 

Ұлар тауық қонақтар шыңдарында,

Суырлары саңқылдап сайларында.

Жоңғар менен Алатауға жан бітірген

Жаңғырығы жаңғыртып қойнауында.

 

Атырабы Алатаудың аңға толы,

Бейберекет атқанның болмас жолы.

Тауешкілер ойнақтап, таудан тасқа

Небір мерген атса да жетпес оғы.

 

Байталасқа секірген мен баламын

Тікен кіріп аяқтан сан жыладым.

Жалаң аяқ, жалаң бас ағаш атпен

Топырағын шаңдатқам мен даламның.

 

Жуа теріп, Шоқпартасқа өрмелеген,

Көк дөненге мініп ап кердеңдеген.

Көркіне ештеңе тең келмеген

Арасандай жерді әлі көрмей келем.

 

Көркемдік тыс қалмаған назарынан,

Әсемдік құйылып тұр ажарынан.

Осы аймақ Асан қайғы іздеген жер,

Жерұйық іздеп мәңгі мазаланған.

 

Бектемісов ағамыз ел басқарған,

Атында көше бар ел мақтаған.

Ағамыздыы Әубәкір «Әукен» деуші-ең,

Жұмыс десе үйінде бір жатпаған.

 

«Бірінші» махаббатым ашылған жер,

Сезімім жүрегімнен тасыған жер.

Ағылған сонау Мәскеу, шартараптан

Жаныңа шипа қылып, жылы сулы ел.

 

Қос Болат - өзімнің құрдастарым,

Ұрқия мен Мәдина сырластарым.

Жарапазан айтушы ек көшемізде,

Жұлдыздарын санаушы ек түнгі аспаннын.

 

Ой, менің Қапал менен Арасаным,

Сағынып өзіңе ән шырқадым.

Ақын Сыдық Төкебайдың інісі едім,

Аталық Қаптағайдан мен боламын.

Жұмәділ Өтегенов

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048