Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 10024 1 пікір 22 Сәуір, 2016 сағат 10:52

ЛЕНИННІҢ АЖАЛЫ НЕДЕН БОЛҒАН?

Пролетариаттың ұлы көсемі атанған Лениннің өлімі жатқан құпия. Сарапшылар Лениннің 1919-24 жылдары ішінде белгілі ақындар мен оқымыстылар, музыканттар бар барлығы 3353 адамның басын жұтқан «Париждік зиялылар қырғынының» құрбаны болғанын, не мерез (сифилис) ауруынан өлгенін біле алмай қор болуда. Соңғы дәйекті Кеңес Одағы құлаған соң израильдік зерттеуші-дәрігерлер дәлелдеді.


Лев Троцкий «Ленинге у берген Сталин» деп жазады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Дегенмен Лениннің азапты өмірден тезірек құтылу үшін Сталиннен у сұратқаны рас көрінеді. Мұны Лениннің хатшы қыздарының бірі 60-шы жылдары жазушы Александр Бекке айтыпты. Бірақ «халықтар көсемі» у бермеген. Егер Сталин у берсе, онда сауысқаннан сақ көсем куәгерлердің көзін көп ұзатпай-ақ түгел құртқан болар еді. Кім біліпті, бәлкім онсыз да іріп-шіріп бара жатқан күн көсемге біреу-міреу у берсе, берген де шығар. 
Ал Лениннің басын жұтқан ауру не десек, кеңестік дәрігерлер күн көсемнің миын зақымдаған мерез ауруынан өлгенін тістерінен шығармауға ант берген. Қанша жасырғанмен, Израиль дәрігерлері кеңес өкіметінің негізін қалаушының мерезден көз жұмғанына дәлел-анықтаманы КСРО тарқағаннан кейін да жарыққа шығаруға тыйым салынған мұрағаттан тауып, әлемге жариялап жіберді. 
Ресми анықтама бойынша, Ленин атеросклероздан өлген деп есептеледі. Бірақ Ленинді емдеген 27 дәрігердің тек 8-і ғана күн көсемнің өлімі туралы анықтаманың астына қолдарын қойған. Қол қоймағандардың ішінде Лениннің жеке дәрігерлерінің екеуі бар. 


Жалпы, Ленин жоғарыда келтірген 3353 (үш мың үш жүз елу үш) зиялының басын жұтқан жұмбақ ажал шеңберінің құрығына ілігіп, миға жұққан мерез ауруын эмиграцияда жүргенде жұқтырған деген пайымдау бар. Басында белгілі ақындар мен ғалымдардың, бишілер мен музыканттардың басын жұтқан бұл жұмбақ ажал шеңберінің арнаулы түрде жүйеге қойылғанын ешкім білмеген. Тек қана 1923 жылы француз журналисі Француа Энгельбрект сол жылдары түсініксіз әрі қорқынышты түрде қайтыс болған белгілі адамдардың бәрінің Париж қаласымен қандай да бір байланысы барына алғашқылардың бірі болып назар аударады. Олардың қайсыбіреулері Парижде тұрақты тұрған, енді біреулері Парижге келіп кеткен немесе Париж арқылы өткен дегендей. Осылайша сол кездегі газеттердің бірінші бетінен түспеген жұмбақ ажал шеңбері осы жайды тынбай қозғап отырған Энгельбрехттың өзінің басын жұтып барып, 1924 жылы біржола тоқтайды. Журналистің өзі кәдімгі суық тиюден сол жылы сеспей қатқан. 
Ал әлгі 3353 зиялының бәрін атап шығу газет бетінде мүмкін емес, бірнешеуін ғана атасақ, ішінде біз сөз қылып отырған Лениннен басқа, Нобель сыйлығының иегері, жазушы Анатоль Франс, атақты итальян әншісі Карузо, атақты итальян суретшісі Модельяни, орыстың футурист ақыны Хлебников, атақты актер әрі режиссер Вахтангов, неміс философы Дюринг, Париждегі атақты мұнараның конструкторы Эйфель, әнші Жанна Шнейдер, отбасылық зергерлік династияның негізін қалаушы Фаберже, атақты дәрігер ғалым Шарль Лаверан, музыкант Луи Жозеф Дьемер, жазушы Блест Ган, актриса Сара Бернар, оқымысты ғалым Леже Луи, атақты революционер Инесса Арманд т.б. атақтылар бар. 
Ең білгір дәрігерлер де бұлардың кенеттен сал болып қалған ауруының емін таба алмаған, ірітіп-шіріте бастаған микробтың қайдан жұққанын түсінбеген. 
Бұл жұмбақ ажал шеңбері орысша «Парижский Мор Элиты» деген атпен белгілі. «Мор» деген нені білдіреді? 
Мор – Ежелгі Римдегі ажал құдайының аты. Қазіргі уақытта бұл термин адамдар мен жануарлардың белгілі бір мекенде қысқа уақытта баудай түсіп қырылып қалуымен байланысты қолданылады. Көркем әдебиетте ажал оғын себетін жағымсыз кейіпкерге қатысты айтылады.
Сонымен, үш жарым мыңға жуық белгілі тұлғалар неден, қалай қырылған дейсіз ғой? 
Кейбір мәліметтер бойынша, қорқынышты вирус өлген маймылдардан әдейі алынған. Не десек те, әлгі бәлекет конвертке салынып, мұқият желімделіп, 1919 жылдан бастап Париждің зиялыларына поштамен жіберіле бастаған. Оның соңы 3353 белгілі тұлғалардың қазасына әкеп соққан. Олардың қатарында Ленин де бар. Асқынған мерез ауруынан соң Лениннің психикасы бұзылып, жан-тәнін жазылмас дерт жалмағаны айтылады.

Төреғали ТӘШЕНОВ

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052