Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3503 0 пікір 22 Сәуір, 2016 сағат 09:35

Ереванда РФ СІМ басшысының келгеніне қарсылық білдірді

Бүгін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров армян әріптесі Эдвард Налбандянмен кездеспек.

Осы кездесудің қарсаңында қоғам белсенділері Армения астанасында Сергей Лавровтың елге келуіне қарсылық білдіріп, наразылық шарасын өткізді.

Шараға қатысушылар Еревандағы Бостандық алаңынан Ресей елшілігіне дейін жүріп өтіп, сол жерде полициямен қақтығысты.

Белсенділер Лавровты Таулы Қарабақ қақтығысын бейбіт реттеудің "антиармяндық" жоспарымен келді деп санайды. Олар сонымен бірге Әзірбайжанға ресейлік қаруды сатуды тоқтатуды талап етті. Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров екіжақты қарым-қатынас пен Таулы Қарабақ дағдарысын шешуге қатысты әңгімелерді талқылау үшін 21 көкекте Ереванға келді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383