Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3910 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 16:29

Астанада кезекті Еуразиялық медиафорум өтіп жатыр

Көкектің 20-нан 22-сі аралығында Астанада өтіп жатқан Еуразиялық медиафорумда Дариға Назарбаева әкесі, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Дариға Назарбава форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы және премьер-министрдің орынбасары боп табылады. Медиафорумның модераторы Риз Хан Қазақстан президенті жиынға қатыса алмаса да, «бізбен бірге» деп мәлімдеді. Биылғы жиынның құрметті қонақтарының ішінде Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай бар.

Форум аясында 21 ғасырдағы ақпараттық соғыстардың ерекшелігі, БАҚ-тың бейбітшілік орнату мен қақтығыстар тудырудағы орны, әлемдік экономиканың бүгіні мен болашағы, Еуропалық одақтың келешегі, Ауғанстандағы жағдай секілді тақырыптар сөз болады. Форум дәстүрлі түрде Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы секілді мәселелерді айналып өтеді.

Еуразиялық медиафорум Қазақстанда 2002 жылдан бері өтеді. Жыл сайынғы конференцияға «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры демеушілік етеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383