Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4107 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 16:23

ОҚО аудандарында жер кодексіне енген өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы С.Әбдіқұлов, облыстық жер инспекциясы басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жер кадастры ОҚО филиалының өкілдері Шардара мен Мақтарал аудандарында болып, жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру аясында семинар-кеңес өткізді.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді аудан көлеміндегі агроқұрылым өкілдеріне түсіндіруді мақсат еткен жиында осы жылдың 1 шілдесінен бастап жерді аукцион арқылы сатып беру мәселесі, ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңы және басқа да нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер жайы талқыланды.

Сондай-ақ, семинарда облыс бойынша бүгінгі күнге 61,3 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алуға ниет білдірген агроқұрылымдар туралы, жерлерді сатып алу ерекшеліктері мен саладағы жұмыстар бойынша алға қойылған мақсаттар кеңінен баяндалды.

Жиын соңында аудандардың жерге жауапты мамандары мен агроқұрылым өкілдері көкейде жүрген сұрақтарына толық жауап алды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383