Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 4365 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 09:05

АҚШ-та "Панамагейтке" қатысты тергеу басталды

АҚШ әділет министрлігі "Панамагейт" деп аталып кеткен халықаралық деңгейде салық төлеуден жалтарудың қитұрқылықтары туралы фактілерге қылмыстық тергеу бастады.

Материалдар халықаралық бірнеше беделді басылымдарда жарияланған болатын. Манхэттен округінің федералдық прокуроры Прит Бхарара "Панама құжаттарында" аты аталғандарға қатысты фактілерге қылмыстық тергеу басталғанын мәлімдеді.

Прокурор Халықаралық журналистік зерттеу консорциумына тергеу жүргізуге көмектесуді сұрап өтініш білдіргенін хабарлады. Панамалық Mossack Fonseca заң компаниясына тиесілі құпия құжаттарды әшкерелеп, жариялаған осы консорциум болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 975
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1320