Жұма, 16 Қазан 2026
Жаңалықтар 3796 0 пікір 21 Сәуір, 2016 сағат 09:00

Өзбекстаннан 15 тәжік азаматы шығарылды

Биылғы жылдың алғашқы үш айында Өзбекстанның Ферғана облысынан заңсыз келген 80 ТМД азаматын елден шығарған.

Осылай деп Өзбекстанның Sputnik порталы құқық қорғау органдарының дереккөзіне сілтеме жасап, хабарлайды.

Хабарламада елден қуылғанның көп бөлігі Қырғызстан (37) мен Тәжікстан (15) азаматтары екені айтылған.

Әкімшілік тәртіпті бұзғандықтары үшін олардың бәріне айыппұл төлеткізген. Дереккөздің мәліметінше, Өзбекстанға келу тәртібін бұзған 97 адамға 41 миллион сумнан астам айыппұл салған.

Өзбекстан мен Тәжікстан 2000 жылдың басында визалық тәртіп орнатқан. Бірақ шекара маңындағы тұрғындар көрші елге 5 күнге дейін визасыз жүре алады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1021
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1374