Қырғызстанда үйлену жасы ұлғайған
Қырғызстанда орта есеппен әйелдер 24 жасында күйеуге шықса, ер адамдар шамамен 28 жаста үйленеді. Осылай деп Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті мәлімдейді. Ақпаратқа сәйкес, аталған тенденция республикада 2007 жылдан бері байқалып келеді.
Некеге отыратын орта жас 22-29 жас аралығында екен.
Өткен жылы Ош, Баткен және Талас облысында некеге отырғандар саны артқан. Ал Бішкекте керісінше, азайған.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, үйлену жасының өсуінің басты себебі жастар алдымен жоғары білім алып, жұмыс істегілері келеді.
2000 жылы Қырғызстанда некеге отырудың орта жасы әйелдер арасында 23 жас болса, ерлер арасында 27 жас болған.
Абай-ақпарат