Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5568 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 19:15

АРМЯНДАР НАЗАРБАЕВҚА БЕРГЕН КӨШЕНІ ҚАЙТЫП АЛДЫ

Армяндар елдің солтүстігіндегі Грузиямен шекараласып жатқан  Ширак облысына қарасты Арич елді-мекеніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына берілген көшенің атауын өзгертпек, деп хабарлайды novostink.ru сайты.


14-сәуір күні ауыл ақсақалдар алқасы бір ауыздан осындай келісімге келген. Арич селолық әкімшілігінің басшысы Роланд Назартерянның айтуынша,  Арич ауылының ақсақалдар кеңесі бір ауыздан Назарбаев көшесінің атауын «Арцах» деп өзгертуді ұсынған. Ал жергілікті шіркеудегі дін қызметкерлері көшенің атын – «Григора Лусаворич» деп атауды ұсыныпты.

Армениялық «panorama.am» сайтының хабарлауынша, Назартерян көше атауын өзгерту туралы бастаманы  2014 жылы Қазақстан Президенті Арменияға қарсы мәлімдеме жасаған кезде көтерген екен.

Қазір Армения халқы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  тіккелей пәрменімен Еревандағы ЕАЭО саммитінің өтпей қалуына наразы-мыс. Оның үстіне, жақында Нұрсұлтан Әбішұлының Ыстамбұлға жасаған ресми іс-сапары барысында Түркия Президенті Тайып Ердоғанмен құшақтасып тұрған суреті армяндардың ашуын туғызса керек. Олар көшедегі Назарбаев сөзі жазылған тақтайшаларды қиратып тастапты.

Армяндар Қазақстан Президентіне осыдан 10 жыл бұрын көше беріп, есімін ұлықтаған еді.

Назарбаев көшесінің атауын өзгерту туралы бастаманы Армения Ұлттық кеңесінің депутаты, Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-кеңесшісі болған Мхитар Варкян көтеріпті.

Аталған ауыл Назарбаевтың есімімен шектелмейді. Ауылдың кітапханасында Назарбаевтың үлкен портреті мен еліміздің әдеби кітаптары қойылған Қазақстан бұрышы бар. Бұл бұрышты 2011 жылы Қазақстан елшілігі қойған.

Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394