Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3167 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 08:23

Ауғанстанның солтүстігінде Құндыз үшін ұрыс жүріп жатыр

Ауғанстанның Құндыз қаласында үкімет әскері үшінші күн қатарынан тәлібтермен соғысып жатыр. Жексенбі күні тәлібтер былтыр бақылауында ұстаған қаланы басып алмаққа тағы әрекеттенді.

Қалалық полицияның бастығы Reuters агенттігіне соңғы тәулікте Құндыздың оңтүстік-батыс бөлігіндегі бекеттердің шабуылға ұшырағанын хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, қаланың шығыс жағында да тәлібтерге тойтарыс берілген. Оның дерегінше, соңғы күндері қарсылас 49 адамынан өлідей айырылған және 61 жауынгері жараланған. Үкімет әскерінің төрт жауынгері қаза тауып, он бірі жараланған

Орталық Азия жаңалықтар Қызметінің Ауғанстандағы дереккөздері қалаға шабуыл жасаған тәлібтер қатарында Өзбекстан мен Тәдікстан азаматтарының да соғысып жатқанын хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын тәлібтер "көктемгі шабуылдарын" бастайтыны туралы мәлімдеген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4119