Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Білгенге маржан 6344 0 пікір 13 Сәуір, 2016 сағат 09:59

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН АРАМЗАЛАР КІМДЕР?

Қазақтың тұңғыш мемлекетін құру жолында Алаш жұмысын жүрелетіп, кедергі келтірген тұлғалар да аз болған жоқ. Бүгінгі тарих дәлелдеп отырғандай, идеологиялық қарама-қайшылық Алаш азаматтарының ортақ идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген. «Қазақтан шыққан арамзалар кімдер?» Бұл тақырыпты «Алуинформ» порталы жазған екен.


Бостандық болғаннан бері жұрттың көзі ашылып, қайда болса да ынтымақ, бірлік табылып, қалың қазақ ішіне береке ұйытқысы орнағандай болып тұр еді. Қазақтан басқа ел қағынып, жүгенсіздік ұлғайып, азаматтарының соңынан ерген жұртты арамза  қулары азғырып, адастырып тұр еді. Бізден де, ұяттан да кешкен (кеткен* болуы мүмкін. «Алау»), ардан безген арамзалар шығып, газет таратқан болып, ел ішіне іріткісін шашқалы жүр. Халықтың қамын ойлап, қолған болған алаштың  туын ұстаған асқар белдей ерлерімізді жынданған итке ұқсап, арамзалар қаппақ болып, жынын қосып, уын шашып жүр. Түрі адамға ұқсағанымен, пейілң айуан түсті сүмдар «Үш жүздің» партиясы деп, атақ байланып, бар қазақтың ұйытқысы болған «Алаш» паритиясының адамдарын арам аузымен былғамақ болып жүр.

«Үш жүз» паритиясы анық содырлы, сойқанды, жүзіқаралар паритиясы. Бұл жұртқа келген үлкен бір дерт. Сөзіне құлақ қоймай, өздерінен аулақ болып, сақтану алаш балаларына борыш. Қазақтың баяғыдан бері аяқ астынан басылып, көрген қорлығы , көрген зорлығы мен зомбылығы аз емес. Енді «Үш жүздің» қуларына айтамыз: елімізді ертпеңдер, елді ел қылып ұстау сендердің қолдарыңнан келетін іс емес. Ел де есін біледі, сендердің соңдарығананиеріп, жарға қамалып жығылмайды. Халықты әуре қылмай,өлген мұжықтың қойнына қалаш табылатын болса, соны іздеп қараңдар. Біз «Алаш» париясының соңынан ереміз. Анық көшбасшыларымыз сонда.

Семей үйезный земство мүшелері: Ахметжан Аңдамасов, Айтмұхаммед Болатов, Дінислам Тәңірбердин, Жамшырбай Шүленбаев, Темірші Жүсіпов, Сыдық Дүйсенбин, Құрманбай Мұздыбаев, Бейсеке Есікепов, Майлыбай Есенбаев, Имамбазар Қазанғапов, Райымжан Мәрсеков, Қалдыбай Боданбаев, Көкбай Жантаев.

Дереккөз: « САРЫАРҚА» газетінің №26 нөмірі, 1917, 26 желтоқсан* (Алау)

А39 «Алаш көсемсөзі»

«Үш жүз» партиясы мен «Алаш» партиясы жетекшілерінің арасындағы келіспеушіліктер 1917 жылғы мамыр айында  Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар съезінен соң байқалған. «Үш жүз» партиясы «қазақ жұмысшылары мен кедейлерінің сөзін сөйлейміз» десе,  «Алаш» партиясы қазақты бай мен кедейге бөлген жоқ.Екі тарап өз басылымдарында бірін- бірі ашық сынға алған. Сондықтан сол уақыт тарапынан жазылған материалға түсіністікпен қараған дұрыс.

Abai.kz

0 пікір