Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4750 0 пікір 8 Сәуір, 2016 сағат 09:31

РЕСЕЙ ЖАСТАРЫ ПУТИННІҢ КЕТУІН ТАЛАП ЕТІП ЖАТЫР

Санкт-Петербургте көшеге шыққан "Весна" жастар қозғалысының белсенділері "офшор дауына" байланысты президент Владимир Путиннің орнынан кетуін талап етуде.

Қозғалыс өкілдері қолдарына ақ қағаз ұстаған күйі үнсіз тұрды. Наразылық шарасына шыққандардың бір бөлігі оларды панама секілді бүктеп алды. Полиция жиналғандарға пикеттер мен митингтер туралы заңды бұзғандарын қайталап естеріне салғанымен, ешкімді ұстамады. "Ұлт-азаттық қозғалыс" өкілдерінің жиынға кедергі келтірмек болған әрекеттері іске аспады. Олардың тарапынан жасалған арандатушылық кезінде "Весна" қозғалысының жетекшісі Николай Артеменконың үстіне белгісіз сұйықтық шашылды. "ҰАҚ" арандатушысы Сергей Колякинді полиция ұстап әкетті.

Президент Владимир Путин бейсенбі күні Петербургте журналистік зерттеулердің Халықаралық консорциумы жариялаған құжаттарда өзінің офшорлық есепшоттары бар екені туралы нақты дәлелдердің жоқтығын айтты. Президент "Панама құжаттарынан" жемқорлықтың ізін көрмегенін қосып қойды. Путин зерттеу жария болған кезде "іргені іштен шайқалтуға" тырысқандардың пайда болғанын мәлімдеді және мұның ең оңай жолы – "билікке сенімсіздік тудыру" екенін ескертті.

Ресей президенті музыкант Сергей Ролдугинмен дос болғанына мақтанатынын да айтты. Путин "оның тапқан бар ақшасына шетелден музыкалық аспаптар сатып алып, Ресейге алып келгенін" жеткізді. Ролдугиннің "миллиардтаған доллар" ақша табатыны туралы мәліметті президент "сандырақ" деп атады.

3 сәуірде журналистк зерттеулердің Халықаралық консорциумы (ICIJ) бірқатар елдегі жоғары билік басындағылардың жемқорлықтарын әшкерелеген құжаттарды жариялады. Оның "ресейлік бөлігінің" негізгі тарауы Ресей президентінің досы, петербургтік виолончельде орындаушы Сергей Ролдугин мен "Путинмен байланысы бар" "офшорлар желісіне" арналған. Құжатта Владимир Путинге жақын адамдардың "Россия" банкі мен панамалық офшорлық компаниялардың көмегімен 2 миллиардтан астам ақшаны заңсыз иеленгені туралы көрсетілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415