Сенбі, 23 Қараша 2024
Біздің шенеунік 6625 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 13:59

ЖУРНАЛИСТ-ДЕПУТАТТАРДАН НЕ КҮТЕМІЗ? ЖАП-ЖАҢА МӘЖІЛІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ БАСТАЛДЫ

  Бүгін ескі әм жаңа мәжілістің өз жұмыстарын бастағанына тұп-тура 10 күн болды.


 Кеше ғана өз еркімен тарап, кейін қайта сайланған ескі де жаңа парламент толық жұмысқа кірісті дегенімізбен, әзірге ауыз толтырып айтар жаңалық жоқ. Қос палатаның бірлескен отырысына  президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, сессияны ашып берді. Кеуделеріне депутат төсбелгісін таққандар Елбасы алдына шығып, «қойдан қоңыр болуға» ант берді. Атыраудың экс-әкімі  Бақтықожа Ізмұхамбетовті спикер етіп сайлап, Мәсімов Үкіметіне сенім білдірген Мәжіліс туралы БАҚ аз жазып жүрген жоқ.

Ендігі мәселе мынадай. Қайсы шақырылым болмасын, Мәжілістегі депутаттар сапында журналистер болды. Биыл да бұл дәстүр бұзыла қойған жоқ. Артур Платонов, Сауытбек Әбдрахманов, Гүлнәр Иксанова, Фахриддин Каратаев, Ирина Унжакова, Бақытгүл Хаменова, Михаил Чириков дейтін экс-журналистер енді депутат болды. Бір кездері сіз бен біз секілді БАҚ-та қызмет етіп, Жоғарғы билікті өткір сынға алып, реті келсе, қамшылап алатын жоғарыдағы мырзалар мен ханымдардың әр сөзі ендігі ретте біздің жіті бақылауымызда болатыны сөзсіз.

Еліміз толық демократиялы мемлекет емес екендігін Елбасының өзі бірнеше мәрте қайталады. Халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымдары біздің елімізді сөз бостандығын шектеу фактілері басым елдер сапына жатқызып, айыптаған кездер де жоқ емес.

Жоғарыдағы журналист-депутаттар биыл енші бұйырып, Парламентке аттанды. Ендігі сұрақ: Мәжіліске аттанған БАҚ өкілдері Қазақстандағы сөз бостандығы әм БАҚ-тың цензуралық саясатын сәл де болса жібітуге ықпал ете ала ма?  

Байқап қарасақ, Параламенттегі журналисттердің дені орыс тілді азаматтар екен. Ел сенімін жүктеген бұл қалаулылар ұлттық мүдде мәселесенде үн шығара ала ма? Мысалы, кезінде Парламент қабырғасында депутат болған Шерхан Мұртаза ақсақал да журналист-депутат болған еді. Қазақ журналистикасы тарихында соны із қалдырып, талай өрімдей жастың бағын ашқан Шерағаң депутат болып жүргенде қазақ журналистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Мәжілісіте бұл күнде күндей күркіреген Шерхан Мұртаза болмаса да, "Егеменнің" екі тізгін бір шылбырын қолына ұзақ ұстаған Сауытбек Абдырахманов бар. Ал Сауытбек Шерхандай бола ала ма, ол уақыттың еншісінде.

Айта кетейік, 4-5 шақырылымдарда депутат болған журналистердің ешбірі бас көтеріп, үн шығарған емес. Жұмған аузы жұмулы күйінде келіп, сол күйінде кеткен еді.  

Біз Парлменттің төменгі палатасының алтыншы шақырылымдағы жаңа депутаттарының алғашқы сессиясының жұмысын білмек болып, Мәжілістің баспасөзіне хабарластық. Өкінішке орай, ресми анықтамада көрсетілген үш бірдей телефоннан жауап болмады. Алғашқы жұмыс күні. Біліуімізше, Палата өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын қабылдапты. Осыған орай Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов жалпы отырыста Елбасы жүктеген міндеттерді алға тарта келіп, осы шақырылым депутаттарына Ұлт жоспарын одан әрі заңнамалық тұрғыдан  қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеліп отырғанын айтты.

Бүгін бірінші күн сессияға келген депутаттар екі бірдей Заң жобасын қарастырған. Бірі – Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қазақстанда офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы, сонымен қатар, Македониямен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау.

Айта кететін тағы бір мәселе, қазір қоғамдық орта мен БАҚ-та қызу талқыға түсіп отырған мәселе – қазақ жерін аукцион арқылы сатылымға шығару туралы Заң жобасы.

Осыған орай Паралемнттің төменгі палатасы жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану кодексін қабылдайды екен.  Үкіметтің 2016 жылғы жоспарына сәйкес, бұл заң жобалары Мәжілістің қарауына күзде келуі тиіс. Одан басқа қазір Мәжіліс қоржынында 20 заң жобасы бар екен.  

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383