Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4766 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 14:54

КУЛАГИН: БАСҚА ОБЛЫСТЫ БАСҚАРЫП ОТЫРҒАН ӘРІПТЕСТЕРІМНЕН АРТТА ҚАЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

Ақмола облысының басшысы Сергей Кулагин Қазақстанда әкімдердің рейтингісін жасайтын мерзімді кемінде жарты жылға созу керек деген ойын мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

«Біздің, әкімдердің жұмысындағы бірінші әрі басты критерий - статистикалық мәлімет, яғни әлеуметтік көрсеткіш пен экономикалық көрсеткіштің өзара тең қатынасы. Екінші критерий - өз өңіріндегі қоғамдық-саяси жағдай, облыс халқының әл-ауқаты. Міне, жұмысымыз осы критерийлер бойынша бағаланса, дұрыс рейтинг болады деп ойлаймын. Әйтпесе, кейбір агенттіктер «өңір басшысы мынандай шара өткізді, мынандай кісілермен кездеседі» деп ақпарат таратады да әкім бірінші немесе екінші орынға шығады», - дейді Сергей Кулагин Ақмола облысында өткізген баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Кулагиннің айтуынша, әкімдердің рейтингісін бір айдың қорытындысы бойынша жасау - теріс. Рейтинг жасайтын ең аз мерзім - жарты немесе толық бір жылды құрауы керек.

«Бір айда рейтинг жасау мүмкін емес. Кемінде, жарты жыл мерзімді қамту керек. Міне, осы уақытта жасалған рейтинг дұрыс деп санаймын», - деді Кулагин.

Аймақ басшысының айтуынша, әкімдердің рейтингісін жасаған дұрыс, өйткені, рейтинг - әкімдер арасында бәсекелестік орнатады.

«Әріптестерімнің арасында тіпті «кім мықты» деген жарыс басталады. Мен де өңірім үшін  намысқа тырысамын. Басқа облысты басқарып отырған әкімдерден артта қалғым келмейді», - дейді Кулагин.

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354