Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 8336 0 пікір 1 Сәуір, 2016 сағат 10:49

ҚҰМЫРА ТУРАЛЫ ӘПСАНА


Бір адам ұзақ уақыт бойы қатты ауырады. Төсектен тұра алмай жатып қалыпты. Бірде үйдегі ет-жақындары өз шаруаларымен жан-жаққа жамырап кетеді де, ол жалғыз қалады.

Аптап. Ыстық. Науқас қатты шөлдейді. Бір сағат, екі сағат. Ешкім келмейді. Кенезесі кеуіп, қаңсып қалғандай күй кешеді. Көз ұшында саз құмыра тұр. Бірақ бұл оған жете алмайды. 
Науқастың қалай қиналып жатқанын көрген саз құмыраның оған жаны ашиды. Шамасы жеткенше оның жанына жақындайды. Қол созым жерге жетіп тоқтайды. 

Құмыраның жақындағанын көріп, науқас таң қалады. Арқасынан ауыр жүк түскендей, жеңілдеп қалады. Әлсіз қолдарын құмыраға созады. Оның ернеуіне кеберсіген ернін тигізеді. «Су! Су беріңдерші!» деген сөздер санасында жаңғырып тұрады. Бірақ... құмыра бос екен...

Адамның бойын алапат ашу кернейді. Бар күшін жинап құмыраны лақтырып жібереді. Оған жақсылық тілеген, тілекші болған жалғыз құмыраның күл-паршасы шығып, шашылып қалды... 

P.S. Ешқашан бұлай жасамаңыз. Сізге көмектескісі келген адамдарды бір түйір саз балшыққа айналдырмаңыз. Олардың көмектескісі келген ниеті еш жүзеге аспаса да, кеңдік танытыңыз.

Аударған Шынар Әбілдә

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5296