Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4793 0 пікір 31 Наурыз, 2016 сағат 10:51

ҚЫРҒЫЗ ҮКІМЕТІ ТУРИЗМГЕ ҮЛКЕН ҮМІТ АРТАДЫ

«Қырғызстан аспан тауларының елі» дейтін сөз елдің халықаралық туризм нарығындағы басты брендіне айналмақ.

Бұл туралы үкімет отырысында 2016-2020 жылдарға арналған туризмді дамыту Бағдарламасын таныстыру барысында айтылды.

Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариев қазір әлемдік туризм нарығында шытырман оқиғаларға толы туризмге сұраныс жоғары екенін айтты. Оның пікірінше, Қырғызстан мәдени және табиғи көрнекі жерлерге бай болғандықтан, дәл осындай бағыттағы елге айнала алады.

2015 жылдың соңында британдық The Guardian газеті Қырғызстандағы альпинизмнің артықшылығы туралы мақала басты. 2016 жылдың басында британдық басқа басылым - Financial Times Қырғызстанды саяхаттауға болатын үздік 7 ел қатарына қосты.

Сонымен бірге Business Insider ақпарат порталы Қырғызстанды 2016 жылы саяхатшылар баруға тиіс 12 туристік ел тізіміне қосқан.

Ресейлік туроператорлардың дерегінше, 2016 жылы Қырғызстан ресейліктер үшін басты саяхат бағытына айналған. Биыл елге 100 мыңнан астам ресейлік турист келеді деп жоспарланған.

Бұған дейін хабарланғандай, әлемнің 66 елінің азаматтары Қырғызстанға визасыз келе алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052