Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4715 0 пікір 29 Наурыз, 2016 сағат 11:18

ПУТИНГЕ АҚПАРАТТЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАЛМАҚ

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков таяу күндері Владимир Путин мен оның төңірегіндегілерге қарсы шетелден "объективті және сенсациялық боп көрінетін ақпараттық шабуыл жасалатынын" мәлімдеді.

Песков бірқатар елдің журналистері құрамына кіретін журналистік зерттеулердің Халықаралық консорциумынан (CIJI) "тергеу сұрақтарына ұқсайтын сауалдарға" жауап беру туралы өтініштер түскенін айтты.

"Біз журналистер ғана емес өзге де ұйым және қызмет өкілдерінің осыған дайындалып жатқанына сенімдіміз. Олар жақын күндері Германия, АҚШ, Ұлыбритании, Швейцария, Ресей және өзге де бірқатар елде жиналып, осындай жазбаларын жарияламақ", – деді ол.

Журналистік зерттеулердің Халықаралық консорциумын қызықтырған сұрақтарға байланысты Песков: "Әңгіме Путиннің жеке басы туралы, оның отбасы, достары мен балалық шағы туралы, Путиннің бала кездегі достары жайлы, кәсіпкерлер туралы (Ковальчук, Ротенберг) болды және оларды қайдағы бір офшорлық компаниялар туралы ақпарат қызықтырады", - деді.

Сонымен қатар Песковтың айтуынша, бірқатар танымал халықаралық ақпарат агенттік мақалалар дайындап жатқан көрінеді. Песков оларды көпе-көрінеу "тапсырыс" деп атап, Кремльдің түскен сауалдарға жауап бермейтінін мәлімдеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061