Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3816 0 пікір 28 Наурыз, 2016 сағат 14:02

ӨЗБЕКСТАН ҚЫРҒЫЗСТАНМЕН ШЕКАРАСЫНЫҢ ДАУЛЫ БӨЛІГІНЕН ӘСКЕРІН ӘКЕТТІ

Қырғыз президентінің баспасөз қызметі Өзбекстан билігі Қырғызстанмен шекарасының Чаласарт бөлігінен әскерін толығымен шығарды деп хабарлады.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Райымберді Дүйшенбиев өзбек тарабының 26 наурызда Жалал-Абад облысы Ақсы ауданындағы Чаласарт елде мекені тұсындағы шекараның даулы бөлігінен әскери техникасы мен әскерін алып кеткені туралы баяндады.

Оның сөзінше, екі елдің шекара қызметінің бөлімдері келісім бойынша шекараны күзетудің қалыпты тәртібіне көшкен.

Өзбек тарабы әскері мен техниканы екі елдің шекара қызметінің басшылары 25 наурызда «Қызыл-Қия-автодорожный» өткізу бекетінде кездескен соң алып кетуге келіскен. Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, кездесу өзбек тарабының бастамасымен өткен.

Шекарадағы текетірес 18 наурызда өзбек билігі екі ел арасындағы шекараның белгіленбеген бөлігіне әскері мен техникасын шоғырландырғаннан басталды. Бұған жауап ретінде қырғыз жағы да шекараның даулы бөлігіне қосымша әскери күштерін әкелген еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338