Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 24 Наурыз, 2016 сағат 08:51

БРЮССЕЛЬ ӘУЕЖАЙЫ ӘЛІ ЖАБЫҚ

Брюссельде террорлық шабуылдан кейін уақытша тоқтаған көше, тоннель қозғалысы қалпына келе бастады. Брюссель әуежайының ресми сайтында бейсенбі, жұма күндері әуежайдың жабық болатыны туралы ескертілген.

Бельгиялық тергеушілер әуежайдағы жарылғыш затты 29 жастағы Бельгия азаматы Брахим Бакрауи іске қосты деп жорамалдайды. Ал "Маальбек" метро бекетіндегі жарылысқа оның 27 жастағы бауыры Халид Бакрауи кінәлі деп санайды. Әуежайда тағы бір жарылғыш затты қалдырып кеткен, ағайынды Бакрауилердің сыбайласы саналатын үшінші адамды іздеу жалғасуда. Ол қалдырған бомба жарылмай қалған және полиция оны такси жүргізушісінің көмегімен тапқан еді. Брюссельдегі жарылыстарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алды..

22 наурызда Брюссельде өзін жарған жанкештінің бірі 2015 жылы жазда Түркияның Сириямен шекарасында ұсталған, бір айдан соң оны елден қуған. Бұл туралы 23 наурызда Анкарада өткізген баспасөз мәслихатында Реджеп Тайып Эрдоган мәлім етті.

Түркия голландиялық және бельгиялық билік орындарын "шетелдік лаңкес-содыр" туралы ескерткенімен, Нидерландының қауіпсіздік органдары күдіктінің жихадшылармен байланысын таппаған соң, босатып жіберген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407