Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3486 0 пікір 16 Наурыз, 2016 сағат 10:06

ТАЙШЫБЕКОВТІҢ ШАҒЫМЫ ҚАБЫЛДАНБАДЫ

Жамбыл облыстық соттың апелляциялық алқасы блогер Ермек Тайшыбековтің шағымын кері қайтарып, сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Апелляциялық алқа сотына төрайымдық еткен судья Светлана Яковлева қаулы 24 наурызда шығарылып, сол күні күшіне енетінін жариялады.

Еске сала кетейік, ресейшіл көзқарасымен танымал 38 жастағы блогер Ермек Тайшыбеков 11 желтоқсанда Қордай аудандық сотының шешімімен Facebook'те жариялаған жазбалары үшін ұлт араздығын туғызды деп төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Ол қазір Тараз қаласының тергеу изоляторында.

Тайшыбековтің өзі көзқарастарынан қылмыстық белгіні байқамайтынын айтып, өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп біледі. Ол апелляциялық соттан өзіне шығарылған сот шешімін өзгертуін сұраған. Ол сонымен бірге Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мамиден өзін босатуын сұрайды. Бұл жөнінде iarex.ru сайтында оның хаты жарияланды. Тайшыбеков Жоғарғы сотқа дейін жетіп, өзінің кінәсіздігін дәлелдеймін дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515