Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Білгенге маржан 6288 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 10:55

ҚАЗАҚСТАН МЕН УКРАИНА ТАРАС ШЕВЧЕНКО ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРЕДІ

Украинада Тарас Шевченко туралы «Тарази. Шөлмен қоштасу» толық метражды көркем фильмінің түсірілімдері басталады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Тарази. Шөлмен қоштасу» фильмін биыл Одесса облысының аумағында, сонымен қатар Қазақстанда түсіреді. Оны Мемлекеттік кино комитетінің қолдауымен түсіреді. Лента украиналық-қазақстандық өнім. Оны «Одесса киностудиясы» мен алматылық Sky Production студиясы түсіреді.

Кобзарьдің рөлін ойнайтын адамға кастинг өтеді. Оған кез-келген адам қатыса алады.

Өтініш бергендердің арасынан 10 кандидат таңдалады, олар Шевченко образына ену үшін бәсекелеседі.

Лента режиссері украиналық киносуретші және жазушы Александр Денисенко. Сондай-ақ ол фильм сценарийінің авторы. Бұл мәтін Тарас Шевченконың 200 жылдығына арналған халықаралық киносценарийлер байқауында үздік атанғандардың бірі болды.

Александр Денисенко Кобзарь өмірінің Қазақстандағы Каспий теңізінің жағалауындағы Новопетров бекінісінде қызмет еткен соңғы жылдарын баяндайды. 
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1148
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2681
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763