Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 8025 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 11:19

ИСЛАМ НЕГЕ ҰЯТСЫЗ ВИДЕОЛАРДЫ КӨРУГЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ?

Ұлы Алла Тағала Құранда былай дейді: «(Ей,Мұхаммед!) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін…» («Нұр» сүресі, 30-31-аяттар).

Порнография ХХІ ғасырдың обасы болып отыр. Әлем бойынша порноиндустрияның орасан көп өнімдерінің шығып жатуы, олардың кез келген адам үшін қолжетімді болуы, оны таратқан адамдардың жасырын қала алауы дүниежүзінде 75 миллион адамның ұятсыз көріністерге тәуелділіктен арыла алмай, өз өмірлерін құрдымға жетелеуіне әкеп соғуда.

Бұл өте үлкен бизнес. 2006 жылы «ересектерге арналған» контентті өндірушілер 13 млрд. доллар табыс тауып, олардың аудиториялары АҚШ-тың үш жетекші жаңалықтар арнасының көрермендерінен асып түскен. 2007 жылы порнография өндірушілері 20 млрд. доллар тапса, осы сипаттағы интернет-алаңшалардың иелері өз кірістерін үш есеге арттырды.
Мына сандарға назар аударыңыз!
Әлемде әрбір секунд сайын порно-ресрустарға кіру үшін 3075,64 доллар жұмсалады. Әр секундта 28 258 адам порнографияны қарап отырады. Әрбір 39 минут сайын АҚШ-та жаңа порнографиялық видео пайда болады. Интернетке жүктелетін барлық видеолардың 35 пайызы – порнография. Желіде отыратындардың 42,7 пайызы порнографияны қарайды. Әйелдердің 30 пайызы және еркектердің 70 пайызы – ұятсыз көріністерге тәуелді. Интернет желісінде 4 200 000 порносайт бар және жыл сайын 13 000 жаңа порнофильм өмірге келеді. Әр күні интернетте порнографияға қатысты 68 миллион сұрау жолданады. АҚШ порноиндустриясы оның иелеріне жылына 3 млрд. доллар табыс әкеледі. АҚШ-та шамамен 40 миллион адам жиі-жиі порносайттарды қарайды.

Социологтар, психологтар мен биологтар қазіргі таңда неліктен порнографияның осынша танымал болып кеткендігін және оның адамға қандай кері әсері барын анықтаған болатын.

АҚШ-тағы отбасылардың 47 пайызы өз өмірлерінде порнографияның проблема болып табылатынын айтқан. Ұятсыз көріністерге тәуелділердің 40 пайызы өз отбасыларынан айырылғандарын, қаражат жағынан қиындық көретіндерін және үштен бірі жұмыстарынан қол үзгенін мәлімдеген. АҚШ-тағы ажырасулардың 68 пайызы порнографияның себебінен орын алуда.

Бұл кесел педофилияның да шектен тыс артуына себепші болып отыр. Бүгінде Интернетте 1 миллионнан астам кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған ұятсыз видеолар бар көрінеді.

Порноға тәуелділіктің бес сатысы бар:

1. Алғашқы қызығушылық. Порноға тәуелділердің көпшілігі тыйым салынған видеолармен өте жас кезінде танысады.

2. Тәуелділік. Оған тәуелді адам ұятсыз видеоға деген құмарлығын баса алмайды да, әлсін-әлсін оны қарай береді. Порнография оның өмірінің бір бөлшегіне айналады.

3. Эскалация (үдеу). Тәуелді адам бірте-бірте бұрын жиіркеніш тудыратын анайы видеоларды көре бастайды.

4. Десенсиализация (сезімталдықты жоғалту).Оған тәуелді адамдар, тіпті, ең анайы, тұрпайы контенттің өзіне қанағаттанбайтын болады.

5. Көзімен көргенді іс жүзінде жасауға тырысады.

Дофамин (ұятсыз көріністерді көру кезінде бөлінетін рахаттану гормоны) дозаларының үнемі бөлінуінен нейрон-дарда FosB протеині жинақталады да, ол ми құрылысының бұзылуына әкеліп соғады. Алдымен, ол адам үшін қоршаған ортасынан, өмірден рахат алу қиындай бастайды. Одан кейін ол тек порнографияны ғана сезінетін болады, одан басқа нәрсенің бәрі ол үшін сүйкімсіз әрі мәні жоқ болады. Ең ақырында, адамның ерік күші жоғалады: бұл маңдай алды ми қыртыстарының өзгеріске ұшырағаны деген сөз!

Құрметті мұсылмандар, Шайтанның азғыруынан сақтаныңыздар!

Алла Тағала арам қылған нәрсені жасамақ түгіл, оған жақындаудан бас тартайық!

Интернет материалдары бойынша дайындалған: alashainasy.kz

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5241