Жексенбі, 12 Қазан 2025
Тамыр 2466 0 пікір 12 Шілде, 2016 сағат 12:57

Қырғызстан билігі: Меркельдің сапарлап келуіне Асқаров ісінің ешқандай қатысы жоқ

Естеріңізге сала кетейін, 11шілдеде Жоғарғы сотта Асқаров ісіне қатысты сот процесі басталды. Істің қайта қаралуына БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінің Асқаровтың босатылуын қырғыз билігінен талап етуі түрткі болды. Биыл сәуірде шыққан комитет шешіміне адам құқығын қорғаушының заңсыз ұсталуы, оған күш көрсетілуі, аса ауыр жағдайда түрмеде отыруы негіз болған.

Бұның алдында Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Германия канцлері Ангела Меркельге үндеу жариялап, Асқаровтың бостандыққа шығуына ықпал етуін сұраған еді.

Меркель 13-14-шілдеде Қырғызстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында неміс канцлері президент Алмазбек Атамбаевпен, Жогоргу Кенеш спикері Чыныбай Турсунбеков бастаған парламенттік делегациямен, сондай-ақ елдің азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 834
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9951