Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 5155 0 пікір 4 Шілде, 2016 сағат 08:45

Е.ҚАРИН: ЛАНКЕСТІККЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН САЛТ-ДӘСТҮРМЕН ҚАРСЫ ТҰРУ КЕРЕК

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен белгілі саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ақтөбеге барды.

Сапарының бірінші күнінде саясаттанушы Алға, Мұғалжар және Темір аудандарына барып, тұрғындармен, имамдармен кездесті, бірқатар мәселелерді талқылады.

Ерлан Қарин саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Бердібек Сапарбаев ҚСЗИ директорының Ақтөбеге сапарының негізгі мақсаты 5 маусымда болған лаңкестік әрекеттен кейінгі жағдайды зерттеу деп атап өтті.

- Облыстағы әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты. Сол қайғылы жағдайдан кейін қорытынды жасап, қайталанбас үшін бірқатар шараларды қолға алуымыз керек, - деді облыс әкімі.

Бұл мәселеде билік қауымдастық өкілдерінің көмегіне арқа сүйейді. Айта кеткен жөн, өңірде 6 саяси партия, 69 діни бірлестік, 19 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ерлан Қарин өңірге шақырғаны үшін Бердібек Сапарбаевқа алғысын білдірді.

- Зерттеушіге қоғамның көңіл-күйін сезіну маңызды, егер тікелей диалог пен байланыс болмаса, ешқандай зерттеу тиімді болмайды. Сондықтан Бердібек Мәшбекұлы Ақтөбеге шақырғанда, мен бірден, әрине, келістім. Биліктің балама баға беруі мен осы мәселені талқылауға қызығушылық танытқаны қуантады. Кездесулер барысында біз тек пікір алмасып қоймай, өз байқағанымызды ортаға салып, ойластық, өз кезегінде бұл кездесулердің нәтижесі қандай да бір ұсыныс жасағанда қажет болуы мүмкін. Бұл кеңінен қолданылатын жақсы тәжірибе. Әсіресе мемлекет пен қоғам арасында диалог орнатудың жаңа деңгейіне сұраныс болғаны маңызды, - деп санайды саясаттанушы.

Ерлан Қариннің айтуынша, Ақтөбеде болған оқиға - ауқымды сипатқа ие. Өз сөзін ол осы дәйектермен бекітті. Былтыр әлемнің 95 мемлекетінде 11 мыңнан астам лаңкестік әрекет жасалған. Сирияда 80 мемлекеттен 30 мың жауынгер соғысып жатыр.

- Қазақстанда мемлекет пен құқық қорғау органдары бұл процесті біразға дейін ұстап келді, алайда ықпал ету арналары мен құралдары кеңейіп келеді, жаңа тетіктер пайда болуда. 10 жыл бұрын әлеуметтік желілер болмады, біз сайттарды бұғаттау керек дедік, қазір материалдар мессенджерлердің көмегімен тарап жатыр, яғни жыл өткен сайын жаңа тәуекелдер пайда болуда. Бұл ретте мәселенің себептерін объективті тұрғыда түсіну керек, бұл оқиғалар мемлекет пен қоғамның бірлесіп жұмыс жасау керектігін меңзейді, - деді Ерлан Қарин.

Саясаттанушы сондай-ақ жасөспірімдер арасында идеалдардың деформацияға ұшырағанын жеткізді. Бұл қауіпке білім мен ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр болғанда ғана қарсы тұруға болады деді ол. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562